КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.06.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.06.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

КҮЗДЕ КӨРЕМІЗ...
Соңғы сөзді халық айтсын. Елге атом электр станциясының қажеттілігін білу үшін алдағы күзде жалпыұлттық референдум өтетінін жариялады президент.

СЕНАТ МАҚҰЛДАДЫ
Арақ-шарап сатқандай жауапкершілік арқаламақ. Энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салатын заңды Сенат мақұлдады.

БІРІГІП КҮРЕСЕДІ
Бұларды біріктірген ортақ қайғы. Банктарға алаяқтардың кесірінен миллиондап қарыз болған азаматтар мессенджерде топ ашып, несие алмағандарын дәлелдеуге кірісті.

САЛТЫ БАСҚА...
Қорымнан гөрі, кәуапханаға көбірек ұқсайды. Ақтөбеде көне зираттың келбеті үшін сығанның барондарымен қандай келісім жасауға тура келді?

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке