Мафия ма?😳Елдос Смағұл артыма түсті🔪 Жалған құжат / Қарағанды обл. Шет ауд.білім бөлімі басшысы

Описание к видео Мафия ма?😳Елдос Смағұл артыма түсті🔪 Жалған құжат / Қарағанды обл. Шет ауд.білім бөлімі басшысы

Әдетте белгілі бір лауазымға өз біліктілігімен қол жеткізген басшылардың балағынан тартатындар бар. Талай куә болып жүрсіздер.

Менің кеңсеме сонау Қарағанды облысы, Шет ауданы, Киікті ауылынан арнайы көмек сұрап, заңсыздыққа тап болғанын айтып келген Жанар Қуатбекқызының ісі бойынша жоғарыда аталған Сарыарқа даласына, яғни Шет ауданына іссапармен келдім.

Қорғауымдағы Жанар Қуатбекқызы 2021 жылы 30 сәуірден бастап өзі тұратын Киікті ауылындағы “С.Мұқамеджанов атындағы жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор болған(бұл кезде апаттық жағдайдағы ескі мектеп еді). Себепсіз заңсыз және негізсіз директорлық лауазымынан қарапайым мұғалім дәрежесіне түседі.

Жанар ханымның айтуы бойынша оқиғаның мән-жайы туралы қысқа-нұсқа ақпарат берейін. Оқу жылының басында Шет аудандық білім бөлімінің басшысы Смағұл Елдос Жарылқапұлы мектеп басшысы Жанарды шақырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кантеев Бақытты “біліктілік санатына сәйкес келмеуіне” байланысты қызметінен босатуға бұйрық береді. Жанар бірден қарсы шығады. Себебі, Кантеев Бақыт 24 жылдан бері осы білім ордасының тәжірибесі бар маманы. Жанар амалсыздан білім бөлімі басшысының бұйрығын Кантеев Бақытқа айтуға мәжбүр болады. Осыдан кейін директор мен орынбасардың арасында түсініспеушілік туады.

Көп ұзамай Киікті ауылындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталып, мектеп дирекоры Жанарға Смағұлов Елдостан “мектептің ашылу салтанаты өткізілсін” деген шұғыл тапсырма түседі. Асығыс-үсігіс ашылған мектептің кейбір жабдықтары кем болғандықтан талаптарға сай келмейді. Осы сәтті пайдаланып, Жанардың үстінен Кантеев Бақыт арыз түсіреді. Себебі Кантеевтің Жанарға деген ызасы бар. Өйткені оны директордың орынбасары қызметінен қууға Жанар себепші секілді көрініп қалған. Анығында бұл білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұлдың тапсырмасы еді. Сонымен, Кантеев Бақыттың “директор дұрыс жұмыс істемейді” дегендей т.б негізсіз жаласы көбейіп бастайды. Тексеріс барысында Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Жанарға 137 835 теңге айыппұл салады.

Бұған көз жұма қараған Жанар 22.11.2022 жылғы нөмірі 102-ші “Іс-сапарға бару туралы” бұйрықтың негізінде, облыстық әділет органында мектептің жарғысы мен БИН нөмірін тіркеуге және тексеріс барысында анықталған кемшіліктер бойынша Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету мамандарынан кеңес алуға баратынын айтып, Шет аудандық білім бөлімінің басшысы Смағұл Елдос Жарылқапұлынан 21 сәуір күні кешке сұранып, рұқсат алып, қараша айының 22,23,24 қараша күндері Қарағанды қаласына барған.

5 желтоқсан күні Смағұл Елдос Жанарды шақырып “өз еркіңмен өтініш жазып жұмыстан кет, мен сені басшылық қызметте отырғызбаймын” деп айтқан. Сонымен қараша айының 22-24 күндері аралығында Жанардың жұмыста болмағанына байланысты Кантеев Бақытқа акт жасатқан. Бұған дәлел, Смағұл Елдос мектепке келіп, жиналыс ұйымдастырып, мұғалімдерге: “Мектептеріңнің мына директоры Жанарды 3 сағат жұмыста жоқ болды деп арыз жазып берсеңдер оны бір күнде орнынан алып тастаймын” - деп айтқан.

22 желтоқсан күні директор лауазымынан босату туралы бұйрық шығып, 23 желтоқсанда Жанардың қолына табысталады. Бұл бұйрықты Жанар әлі қарап үлгермеген. Мүмкін ол қарсы шағымын жазатан шығар? Ал, Еңбек инспекциясы Жанарға еш ескертпей өз беттерінше 22 желтоқсан күні өз қорытындыларын шығарған. Алайда Жанар аталған бұйрықпен келіспей қаңтар айында еңбек инспекциясына арыз түсіреді. Еңбек инспекциясының жауабы 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы бұйрығыңыз заңды дейді. Оған да келіспеген Жанар Қарағанды облысының еңбек дауын келісу комиссиясына өтініш береді. Алайда алатыны сол бір ғана жауап.

Біз осы заңсыздықтарға жол берген білім басқармасы басшысы Смағұлов Елдостың әрекетіне байланысты Қарағанды облысы, Шет аудандық сотының төрағасы, яғни судья Абдыкамалов Амантай Жумадильдаулына талап қойдық. Талабымызды қанағатандыра ма, әлде, “бармақ басты, көз қысты” деген әрекетке бара ма?! Уақыт көрсетеді!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке