Соғыс: Қаза болғандар мен саптан шыққандар миллионнан асты

Описание к видео Соғыс: Қаза болғандар мен саптан шыққандар миллионнан асты

Ресейдің әу баста үш күнге жоспарлаған Украинадағы соғысы үш жылға айналып барады. Украина билігі де, халқы да алғашқы сәтте сасқан жоқ. Басып кірген жауға қарсы бірігіп өретүрегелді. Әрине, елдің бір бөлігі Еуропаға босты, бір бөлігі отырған жерлерінен қозғалмады. Қалалары қирап, бейбіт тұрғындар өліп, тіршіліктің өзегі боларлық инженерлік коммуникациялар мен энергетикалық игіліктер бомбаланып істен шықса да халық табандылық танытып келеді. Билігі де қатты тұрды. Ресейдің осы күнгі басшысымен келісімге келуге заңмен тыйым салды. Жерді түгелімен қайтарып алуға бет алған. Еуропа елдері мен АҚШ жақтан Украинаға әскери техника және қаржылай көмек беру басталды. Бірақ Батыс Ресейді тізе бүктіруден тайсақтап келеді. Ядролық қаруын іске қосады деп аяқ тартады. Сондықтан осы күнге дейін әскери техниканы шектеп береді және өз техникасымен Ресейдің аумағына атқызбайды. Ал соңғы уақытта жағдай өзгеріп те жатыр. Украина жағы күш алғаны жиі айтыла бастады.


Telegram - t.me/negemedia
Instagram - @negekz
Facebook - @nege.kz
Cайт - https://nege.kz/

#негекз #negekz #жаңалықтар

Комментарии

Информация по комментариям в разработке