Күш атасы - Қажымұқан

Описание к видео Күш атасы - Қажымұқан

Жезқазған қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой бас балуаны, әлем чемпионы, орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты виртуалды видеослайд ұсынады. «Қажы Мұқан – қазақ көгіндегі жұлдыздардың арасында ерекше дараланған тұлға. Ұланғайыр жері мен кеңпейіл, өршіл халқын өзге жұрттар танымаған, білмеген шақта, қазақ деген Ұлы ұлт бар екенін өзгелерге паш еткен де осы – Қажымұқан бабамыз болатын. Бұған дейін қандастары баспаған жерді басып, аяғы жетпеген шет мемлекеттерді көріп, басқа қазақ қол жеткізбеген алтынмен апталған, күміспен күптелген жақұттай медальдарды мойнына тұңғыш ілген де, жeңіс тұғыpына тұңғыш көтерілген де осы кісі. Қажы Мұқан атамыздың тарихта үлкен орны бар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке