БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАҒА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҒАДЫ

Описание к видео БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАҒА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҒАДЫ

Атырау қалалық №2 сотта пара алды деген күдікке ілінген Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Бірінші пара беруші деп айыпталған «Балқыту» ЖШС басшысы Өміртай Адамовқа сөз берілді. Ол өзіне тағылған айыпты айыппұл төлеуге дейін қысқартып және колонияда жазасын өтеуді сұрады. Бұған қоса мүгедек балаларының барын және зейнеткерлік жасында екенін де тілге тиек етті. Бұдан кейін Ақылбек Рысқалиев пен Бақытгүл Хаменова сөз алып, соттан өздерін ақтауды сұрады. Еске салайық прокурор Лаура Асанова осыған дейін Бақытгүл Хаменоваға және Ақылбек Рысқалиевке 7 жыл бас бостандығын шектеу мен мүлігін тәркілеуді сұраған болатын. Бүгін айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Сот ертең жалғасып, үкім шығарылатын болады.

Сайт - http://atyrautv.kz/
online - http://atyrautv.kz/kz/online
facebook -   / atyrautv  
VK - https://vk.com/atyrautvkz
Instagram -   / atyrautvkz  

Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaq...
Google Play - https://play.google.com/store/apps/de...


#ATYRAU #TV #ATYRAUTV
#АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ
#102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Комментарии

Информация по комментариям в разработке