Бүгінгі шолуымыз 2016 жылы шыққан "Джэк Ричер 2" киносы.Достар,барлығымыз каналымызға тіркеліп өтейікші...Ал ендеше кеттік,көрейік...
Кино басында полиция қызметкерлері кафенің қасына келеді.Адамдар үйіліп қалыпты.Сөйтсе бірнеше адамды Джэк Ричер ұрып тастап,кафеде отыр
екен.Жаңағы полиция сымақтар,кафеге кіріп,өзінше Джэктің қолын қайырып,кісендетіп қояды.Сонда Джэк Ричер оларға,90 секундттан кейін сендерге
қоңырау шалынады,сосын,сендер қылмыскерлерге көмектескендерің үшін қаламаласыңдар дейді.Бұлар,өздерінше күліп тұрады.Бір кезде әр жақта
тұрған телефон шырылдайды.Қызметкердің біреуі тұтқаны көтереді.Сол кезде кафенің алдына бірнеше полиция қызметкерлері келіп,мына сатқындарды
ұстап әкетеді.Джэк Ричер болса,кафеден шығып әрі қарай жолда көлік күтіп,жүре кетеді.Кейін қонақүй жалдап,өзінің кезіндегі әріптесі майор Тёрнер
деген әріптесіне қоңырау шалады.Қал жағдайын біліседі.Сосын Вашингтонға келемін деп хабар береді.Джэк қалаға келіп,бірінші болып,өзінің шәкірті
болған жас күзетші қызбен амандасады.Сосын майор Тернерге барамын деп кабинетін сұрайды.Бірақ кабинетке кірсе,Тернер жоқ,Сэм Морган деген
қызметкер отыр екен.Сэм болса,майор Тернор қамауда.Құпия ақпаратты таратты деген күдікпен қамауда отыр дейді.Джэк бірден,бұның бәрі өтірік
екенін түсініп,күзетте жүрген шәкіртінен бәрін сұрастыра бастайды.Бұл қыз болса,бізге ештеңе айтпасын деді дейді де,ақырын білдіртпей Тернердің
қорғаушысының есімін айтады.Боб деген адвокат екен.Джэк сол қорғаушысына барып,жағдайдың бәрін сұрастырады.Сонда Боб Джэкке,сізге Кэнди
деген әйел арыз жазды,сіз алемент төлемепсіз,қызыңыз бар екен дейді.Джэк таңғалып,менде балаларым жоқ дейді.Бірақ жаңағы қыздың суретін өзіне
алады.Бобтың сөйлескісі келмей тұрған түрін көрген Джэк,оған қарап,сізбен түсінікті,сіз өзіңізді ойлаудасыз,басыңызға қиындық керек емес деп кетіп
қалады.Сосын Джэк жолда жаяулатып кетіп бара жатқанда,артынан бір көлік еріп келе жатады.Кейін Джэк тамақтанып отырғанда да,жаңағы көліктегі
адамдар оны қарап отырады.Содан,көліктегі адамдар бір бірімен сөйлесіп қалғанда,Джэк көзден ғайып болады.Кенеттен бұлардың қасында пайда
болып,біреуін ұрып тастайды да,екіншісіне тапаншаларын тақайды.Құжатын қарап алып оларға қарап,мені аңдымаңдар,жек көремін деп кетіп қалады.
Артынан сырттан жаңағы суреттегі қызды қарап жүреді.Шынымен менің қызым ба деген ой болады.Осылайша дүкенге дейін аңдып жүргенде,бұл
қыз да бұны байқап қалады.Неге мені аңдып жүрсің дейді.Сонда Джэк,сен Кэндидің қызысың ба,мен оның досымын дейді.Оған мына қыз,маған
бәрібір,мен анаммен араласпаймын дейді.Қыздың есімі Саманта.Екінші күні қатесін түсінген адвокат Боб,Джэкке біліп алғанын айтады.Екі апта бұрын
майор Тернер өзінің екі адамын,Ауғаныстанға жіберді.Екі күн бұрын олардың денелерін тауып алыпты дейді.Джэк болса,түсінікті деп,Панасорс деген
компания туралы сұрайды.Бағанағы аңдыған екі адамның құжатында сол жазу болып еді.Боб болса,бұл үлкен әскери компания дейді.Джэк бәрін түсініп,
енді олар Тернерді де өлтіреді,тез арада оны түрмеден шығару керекпіз дейді де кетіп қалады.Ал кешке қарай қорғаушы Бобты,басқа Джэк деген жігіт
ұрып ұрып тастайды.Таңертең Джэк Ричердің үйіне Энтони Эспин деген қызметкер келіп,сізді басшылық шақыруда дейді.Сөйтсе,Сэм шақырыпты.Ол
Бобтың таяқ жегенін Ричерден көріп жатыр.Өткенде сіздің адвокатқа ашуланып кеткеніңді көргенмін,демек сіз ұрып тастадыңыз деп оған жала жабады.
Джэкті Тернер жатқан түрмеге апарады.Джэктің қасында өзінше қорғаушы бір қызды қойыпты.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов
Информация по комментариям в разработке