Әскерге бара сала көз жұмған Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті ретінде ұсталған азамат кім?

Описание к видео Әскерге бара сала көз жұмған Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті ретінде ұсталған азамат кім?

Осыдан он шақты күн бұрын Отардағы әскери бөлімде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбай әлімжеттіктің құрбаны болған. Бас әскери прокуратура оның өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарлады. Ол марқұммен әскерге бір мезетте келген сарбаз болып шыққан. Бұған дейін қайтыс болған жауынгердің жақындары оған күш көрсетілгенін айтып, әділ тергеу жүргізуді талап еткен еді. Осыдан кейін іске Президенттің өзі араласып, кінәлілерді шұғыл түрде анықтауды тапсырған.
Отардағы әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың туыстары адвокаттың көмегімен әділ шешімге жетеміз деп үміттеніп отыр. Айтуларынша, Әлібек Қалбайды жер қойнына тапсырғаннан кейін әскери бөлімге бірнеше рет барып келген. Әлібектің жеңгесі қазір тергеу жүріп жатқандықтан көп ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Дегенмен, қылмысты бір ғана адам жасады дегенге аса сенбейді. Сондықтан, жан-жақты тергеуді талап етеді.
ДИНАРА ТІЛЕСОВА, Әлібек Қалбайдың жеңгесі:
– Адвокатымыз Алматыда жұмысын жасап жатыр қазіргі таңда. Әділетті түрде шешім болады деп ойлаймыз. Ата-анасына қиын қазір. Ата-анасы да ауырып қалып отыр. Папасы да давление, мамасы да кішкене. Действительно шынымен ұрған адамды табу керек.
Әлібекпен бірге әскерге барған сарбазды ұстауға куәгердің айғақтары негіз болыпты. Одан бөлек, сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталған. Ал бұған дейін әскери бөлім қызметкерлері маңғыстаулық азамат сапта тұрған жерінде есінен танып құлады деген ақпарат берген еді. Қорғаныс министрлігі де сарбаздың денесінде еш жарақат болмады, оған ешкім күш көрсеткен жоқ деп сендірген болатын. Бірақ, қоғамда дау тудырған іске Президенттің өзі араласқан соң ғана күдікті қамауға алынған.
ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫ:
– Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен, адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған.
Еске сала кетсек, Маңғыстау облысының тұрғыны Әлібек Қалбайды жұмыста отырған жерінен әскерге күштеп алып кеткен болатын. 18 сәуір күні ол Отардағы әскери бөлімге қабылданған. Бірақ, 22 сәуірден оның қазасы туралы жақындарына суыт хабар жеткен.
Махаббат Нұржанқызы, Фархад Шадкам



Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#әскердегі_әлімжеттік #дедовщина #ҚазақстанӘскері

Комментарии

Информация по комментариям в разработке