Марқакөл саяхат

Описание к видео Марқакөл саяхат

Біз Шығыс Қазақстан облысындағы саяхатымызды жалғастырудамыз. Бүгін экспедициялық тобымыз аты аңызға айналған Марқакөл көліне келіп жетті.
Асуға жетісімен алдымыздан көл айдыны құшақ жайды. Жағасында ауыл орнығыпты. Құдды бір ертегі әлеміндегі суреттелген бейнелердей көрінеді. Шындығында, осыдан бірер сағат бұрын орталық азияның шөлейтті аумағында жүрген едік, енді Сібірге бірақ өтіптік. Адам сенгісіз жағдай. Оңтүстік Сібір болса да Сібір деген аты бар. Марқакөл ауданындағы Орловка ауылы айналасы қазақстандық полюс. Қыста ол жерде ауа температурасы минус 55 градусқа дейін төмендейді. Ал қар қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке