Саләфилер христиандар сияқты Аллах аспанда, деп айтады

Описание к видео Саләфилер христиандар сияқты Аллах аспанда, деп айтады

Лектор: Ділмұрат абу Мухаммад حفظه الله ұстаз

Абу Ханифа былай деген: «Кім: “Мен Раббымның қайда екенін: жерде ме әлде аспанда ма — білмеймін», — деп айтса, күпірлікке түсті. Дәл осы «Ол Аршта, бірақ мен Арштың қайда екенін: аспанда ма әлде жерде ме — білмеймін», — деп айтатын адамға да қатысты». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әбсат», 46.

Бір әйелдің “Сенің құлшылық қылатын (Құдайың) қайда?” деген сұрағына, Абу Ханифа: «Ақиқатында, Пәк Аллаһ Тағала жерде емес, аспанда», — деп жауап берген. Ал бірде бір кісі одан: “Ал сен Аллаһ Тағаланың «Сендер қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге» («әл-Хадид» сүресі, 4-аят) деген аяты туралы не айтасың?», — деп сұрағанда, ол: «Бұл — сен бір адамға жазған хатыңда «Мен сенімен біргемін», — деп жазғаныңдай, алайда сен оның жанында тұрған жоқсын», — деп жауап берді. Қз.: «әл-Әсма уа әс-Сыфат», 429.

Абу Ханифадан Аллаһтың ең жақын аспанға түсуі (ән-нузул) туралы сұрағанда, ол былай деп жауап берді: ”Ол оған қатысты «Қалайша?» деп сұрауға болмайтындай етіп түседі”. Әл-Байһақи «Ақида әс-Сәлаф Асхаб әл-Хадис» (42) және «әл-Асма уә әс-Сыфәт» (456). Әл-Каусари бұл туралы айтпаған. Сондай-ақ хадистері мен асарларын сахихтығына шейх әл-Әлбани тексерген «Шарх әл-Ақида әт-Тахауиййяны» (245) және әл-Қаридің «әл-Фиқһ әл-Әкбар» (60) шархын қараңыз.



#салафия #дилмурат_абу_мухаммад #Аллах_аспанда

Комментарии

Информация по комментариям в разработке