Алакөлде құлаған жеңіл ұшақ Қазақстанда тіркелмеген болып шықты

Описание к видео Алакөлде құлаған жеңіл ұшақ Қазақстанда тіркелмеген болып шықты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Алакөлде құлаған жеңіл ұшақ Қазақстанда тіркелмеген болып шықты. Әуе көлігінің ішіндегі екі адамның жағдайы ауыр дейді ақ халаттылар. Ақши ауылында болған оқиға демалушылардың да зәресін алыпты. Ал ұшқыштың лицензиясы бар ма? Ол әуеде кәсіп жүргізуге рұқсатты қайдан алған? Гидропланмен ұшу қауіпсіздігіне кім жауап береді? Келесі бейнематериалда
Әлеуметтік желіге таралған бұл оқиға күні кеше Ақши ауылында болған. Әуеге көтерілген гидроплан кенет төменге құлдилап, аударылып суға құлағанын бейнежазбада анық көрінеді. Оның ішінде ұшқышты қосқанда екі адам болған. Абырой болғанда құтқарушылар мен еріктілер әуе көлігіндегі жандарды жағаға алып шығып, барынша көмек көрсетті.
Жалпы, Алакөлде дельтаплан да, гидроплан да көп. Кәсіпкерлер демалушыларды әуемен 10 минутқа ұшып келгенге шамамен 45 мың теңге алады. Бірақ олардың қауіпсіздігін, қызметі қаншалықты заңды екенін ешкім қадағаламайтын көрінеді. Оған кешегі құлаған гидроплан оқиғасы дәлел. Апатқа ұшыраған жеңіл ұшақ ел аумағында тіркелмеген болып шықты. Ең сорақысы ұшқыштың лицензиясы болған, біліктілік мерзімі 2022 жылы өтіп кеткен екен. Демек екі жылдан бері оның әуе көлігін басқаруға құқығы жоқ.
ЕСЕНГЕЛДІ НҰРДӘУЛЕТ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ" АҚ лицензиялау басқармасының аға авиациялық инспекторы:
– Ешкім рұқсат берген жоқ. Себебі 2022 жылы соңғы біліктілігі біткен, одан кейін ол кісілер заңсыз ұшқан. Барлық материалдармен қазір құзырлы орган айналысып жатыр. Біз өз шеңберімізде барлық ақпаратты құзырлы органға беріп жатырмыз.
Азаматтық авиация комитеті мамандары қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатқанын жеткізді. Ал дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр дейді. Олар Үшаралдағы ауруханаға жатқызылған. Көмекке Талдықорғаннан нейрохирург пен травматолог жетіпті. 40 жастағы келіншектің миы шайқалып, бет сүйектері сынған. 44 жастағы ер адам да басынан қатты соққы алған.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
– «Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, шокқа қарсы ем тағайындалды. Екі азамат та дәрігерлер бақылауында, медициналық көмек толық көрсетілуде».
Ал, жарақат алған науқастардың туыстары сұхбат беруден бас тартты. Бұл оқиға демалушылардың зәре-құтын қашырыпты. Көбі әуе көліктеріне отыруға сескеніп қалғандарын жеткізді. Осы жайттан кейін демалыс орнында авиациялық қызмет көрсететін кәсіпкерлер жаппай тексерілуі мүмкін.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке