КТК: Қазақстан жаңалықтары 03.07.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 03.07.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

БОЛАДЫСЫ ҚЫЗЫҚ
Бауырлас, одақтас, стратегиялық серіктес және түбіміз бір дейтін елдердің басшылары түгел Астанада. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне арнайы келген меймандарды әуежайдан бүгін премьер -министр Бектенов өз орынбсарларымен кезектесіп күтіп алды.

ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСЫ
Бір күнде 31 құжат! Си Цзиньпин мен Қасым- Жомарт Тоқаевтың келіссөздерінің қорытындысы бойынша қазақ-қытай қарым-қатынасына бұрын соңды болмаған серпін беретін келісімдер жасалды.

ЖЕРАСТЫМЕН ЖІБЕРГЕН
Қазақ-өзбек шекарасында 300 метрлік тоннельмен дәрі-дәрмекті заңсыз тасымалдаған халықаралық қылмыстық топ құрықталды. Жерастына жарық жүргізіп, вентиляция орнатылуынан тоннель кеше ғана қазылмаған сияқты.

ЖҰЛДЫЗ ЖАУАДЫ
Жұлдыз аққан түндер-ай ...Еліміздің астрономдары тамыздың ортасына қарай ерекше аспан құбылысын тамашалауға болатынын айтты.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке