Отандық кино өндірісіне тағы бір толық метражды фильм қосылды

Описание к видео Отандық кино өндірісіне тағы бір толық метражды фильм қосылды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: https://www.youtube.com/@informburo31...
---------------------------------------------
Отандық кино өндірісіне тағы бір толық метражды фильм қосылды. Отбасылық трагикомедиялық жанрда түсірілген «Студент көке» туындысы қоғамдағы өзекті мәселелерді де қозғап өткен. "Dastan Media" бұл жолы да еліміздегі ең үздік актерлардың бірі Қуандық Шәкіржановқа баста рөлді берген екен. Сонымен бірге жас актерлар мен актрисалардың да дебют жасауына мүмкіндік туындапты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Ойда жоқта бойжеткен қызы барын білген Жарқын есімді азамат онымен қарым-қатынас құру үшін экономика факультетіне оқуға түсіп студент атануға бел буады. Жас кездегі өткінші махаббаттың соңы мұндай жағдайға әкелеріне дайын болмаған актер Қуандық Шәкіржанов, бейтаныс аруды өз отбасының мүшесі етуге талпынады. Фильмде танымал актерлардан бөлек алғаш рет толық метражды фильмге түскен жастарға да басты рөлді берген. Түсінген адамға үлкен ой салатын туынды дейді актерлар құрамы.
ҚУАНДЫҚ ШӘКІРЖАНОВ, актер:
– Өмірдің бір кішкене өзгерістерін көреді. Бұл енді таза комедия емес, трагикомедия. Айтар ойы бар. Жаңа тақырып. Жас кезде жіберген қателіктердің арғы жағы не болатынын көрсетеді.
Бұған дейін бірнеше фильм түсірген "Dastan Media"-ның бас продюсері бүгінгі премьерасы болып жатқан фильмнің де өз көрермені барына сенімді. Өйткені, толықметражды туындын шығарар кезде сапасына көңіл бөлдік дейді.
ДАСТАН ҚАЛДЫБАЕВ, «СТУДЕНТ КӨКЕ» Фильмінің бас продюсері:
– Көпшіліктің басынан өтіп жатқан сондай бір оқиғаларды көре алады. Бәрімізге таныс жағдайлар. Шынайы өмір ретінде көре алады. Бұл жерде сапалы әзіл, сапалы актерлық шеберлік және керемет ұйымдасқан жақсы топтың сапалы дүниесін көре алады.
«Студент көке» фильмін қалың көрермен еліміздің барлық кинотеатрларынан көре алады.



---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке