ҚЫТАЙДА СОТТАЛҒАН АҚЖАРҚЫН ТҰРЛЫБАЙ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН

Описание к видео ҚЫТАЙДА СОТТАЛҒАН АҚЖАРҚЫН ТҰРЛЫБАЙ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН

Қытайда "есірткі контрабандасымен айналысты" деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін. Оның адвокавты Сұңқар Нұрмағамбетов осындай мәлімдеме жасады. Экстрадициялау мәселесі шешілуі үшін айыпталушының жазасы қайта қаралуы керек. Заңгердің пайымынша, бұл процесс биылдан кешікпей басталуы тиіс. Еске салайын, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайдың Малайзиямен шекарасында 4,5 келі есірткімен ұсталған. Қыздың өзі тиым салынған заттың қайдан шыққанын білмейтінін айтқан. Сол жылы дәл сондай айыппен Хошимин қаласында Мария Дапирка есімді Ресей азаматы да тұтқындалды. Ал есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орта Азия аймақтық үйлестіру орталығы екі қыздың нигериялық есірткі тобының құрбанына айналғандығын мойындаған.

АҚЖАРҚЫН ТҰРЛЫБАЙДЫ ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ ІСІ НЕГЕ ТЫМ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛЫП КЕТТІ?
Сонымен, Ақжарқын Тұрлыбай экстрадициялау ісі неге тым ұзаққа созылып кетті? Жалпы, басқа мемлекеттен ел азаматтарын қайтару мәселесі қаншалықты қиын? Процесс қалай өтуі керек? Қаракөз қандасымызды қайтаруда нақты не кедергі боп тұр? Осы тақырыпты «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жанділда Жақыповпен талқылаймыз. Спикеріміз бізбен скайп арқылы байланыста тұр.

Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness
Instagram -   / atameken.business  
Instagram -   / inbusinesskz  
Facebook -   / atamekentv.kz  
Facebook -   / inbusiness.kz  
Tik-Tok -   / atamekenbusiness  


«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs -    / @atamekenbusinessprograms1041  

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Комментарии

Информация по комментариям в разработке