Исмайыл ата | 1000 жылдық кесенелер кешені | Түркістан облысы, Қазығұрт, Тұрбат

Описание к видео Исмайыл ата | 1000 жылдық кесенелер кешені | Түркістан облысы, Қазығұрт, Тұрбат

Ақиқат пен аңыз. Исмайыл ата кесенесі.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында ортағасырлық ірі архитектуралық кешенді ескерткіштер сақталған. Соның бірі әрі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Бұл кешен Ысмайыл ата кесенесі, Жебірейіл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәруіштердің шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Архитектуралық кешеннің басты өзегі – Ысмайыл ата кесенесі.

Кесене Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымының көрнекті өкілі, шейх – Ысмайыл атаға арнап салынған. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІV-ХV ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған. Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттаған әулие кісі болған екен. Ол әулие кісі туралы жергілікті тұрғындар арасында аңыз-әңгімелер көп.

• Текст Qazir.kz сайтынан алынды https://qazir.kz/article/Ysmaiyl_ata_...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке