Құрманғазы - “Кішкентай” ор. Қали Жантілеуов

Описание к видео Құрманғазы - “Кішкентай” ор. Қали Жантілеуов

Құрманғазының шығарған "Кішкентай" күйінің тарихы

Ердің ері, егеудің сынығына лайық халық батырлары Исатай мен Махамбет бастаған халық көтеріліс жылдары.Құрманғазы мен Динадай түлеп ұшқан өнер майталмандарын өсірген Нарынның Жиделі деп аталатын құмында қозы бағып жүрген 11-12 жасар бала кенеттен шыққан дүбірге елең ете қалады. Қару-жарақ асынған, найза, айбалталы қалың қол хан ордасын бетке алып тарта берді. Бала өзін қолына ту алып, арғымақ ат үстінде сонау сарбаздармен бірге бара жатқандай сезінді. Бірақ олар қайда барады, кім үшін жорыққа аттанды – бұл туралы бала ой елегінен өткізіп те үлгермеді. — Аға, ағатай! Мені де ала кетіңізші! – деп айқайлады бала үріккен қозылармен ісі болмай, аттыларға қарай жүгіріп. Алпамсадай қақпақ жаурынды, қызыл шырайлы кісі ат басын тежеп: — Атың кім, қалқам? – деді балаға иіле, жылы жүзбен қарап. — Құрман…Құрманғазы. Сағырбай баласымын. — Кішкентай екенсің, қарағым. Жігіт болған соң, әлі-ақ ағаларыңмен бірге жорыққа аттанарсың…-деп аттылы жүріп кеткен. Әлқисса, сондағы бала атақты композитор Құрманғазы да, аттылы Исатай Тайманұлы еді деседі. …Бірде Құрманғазының замандастары: — Мына бір тамаша күйіңізді неліктен “Кішентай” деп атадыңыз? Бұл “Кішкентай” деуге келмейтін, күйлеріңіздің ішіндегі шоқтығы биік дүние ғой, — дегенде, Құрманғазы күрсіне отырып: — Несін жасырайын, бұл күйді мен Исатай мен Махамбетке арнаған едім. Ал Исатай мен Махамбет кім, мен кім? Олар халқының қамын ойлаған биік шың, асқар тау, ал мен кішкене төбешік емеспін бе? Сондықтан мен сияқты кішкентай ғана пенденің Исатай, Махамбет секілді алыптарға арнаған күйі болған соң, оның атын “Кішкентай” қойдым, — деп жауап беріпті. “Кішкентай” күйі кішкене інінің ағаға деген сәлемі ретінде туған екен.

#домбыра #күй #dombyra #құрманғазы #кішкентай

Комментарии

Информация по комментариям в разработке