Исламға қатысты маңызды Сұрақ - Жауап 6. Ұстаз: Омар Теміртас

Описание к видео Исламға қатысты маңызды Сұрақ - Жауап 6. Ұстаз: Омар Теміртас

8-Сұрақ: Ширктің қандай түрлері бар?
Жауабы: Ширктің екі түрі бар: Үлкен және кіші.
Егер ғибадатқа үлкен ширк араласса, адам діннен шығып бүкіл амалдары жойылып кетеді және егер тәубе қылмаса, тозақта мәңгі қалатындардан болады. Алла Тағала сөзінде: {Расында саған да, сенен бұрынғыларға да: “Егер Аллаға серік қоссаң әлбетте амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың”, - деп уахи етілді} (Зумәр, 65).
Басқа аятта: {Егер олар ортақ қосқанда, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді} (Әнғам, 88).
Басқа аятта: {Расында, кім Аллаға серік қосса, Алла оған Жəннатты харам етеді, əрі оның соңғы барар орны тозақ оты болады} (Мəида, 72)
Басқа аятта: {Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар} (Кәфирун, 3).
Ал егер адам кіші ширк жасаса әлде оны құлшылыққа араластырса, ауыр күнәға кіреді, алайда ол діннен шықпайды және амалдары жойылмайды, тіпті тәубе қылмаса да тозақта мәнгі қалмайды. Кіші ширктің мысалы: Алладан басқасымен ант ішу, әлде құлшылықты біреуге көрсету үшін жасау.
Омар ибн Хаттабтан (р.а.), Алланың елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алладан басқа біреумен ант ішсе, ол күпірлік еткен болады немесе серік қосқан болады», - деді. Хадисті Тирмизи жеткізген.
Ибн Масғуд (р.а.) өз сөзінде былай деп айтқан: «Өтірікші болып Алланың атымен ант ішуім, шыншыл болып басқа біреудің атымен ант еткенімнен гөрі маған әлде қайда сүйіктірек».
Сондай-ақ, хадисте: «Сендер үшін ең қорқатыным – кіші ширк». Одан ﷺ сұралғанда, ол ﷺ : «Рия», - деді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке