Қолма-қол төлем алынады: Алматыда автобуспен жүру құны 120 теңгеге көтерілуі мүмкін

Описание к видео Қолма-қол төлем алынады: Алматыда автобуспен жүру құны 120 теңгеге көтерілуі мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Алматыда автобуспен жүру құны 120 теңгеге көтерілуі мүмкін. Және бұдан былай қолма-қол төлем мүлдем алынып тасталады. Қала әкімдігі жолақы құнын өсіру туралы қаулыны қоғам талқысына шығарды. Өйткені тасымалдаушылар қолданыстағы тариф автобустарды жаңартуға және күтіп ұстауға жетпейтінін айтып шағымданған. Сонымен бірге автобус парктеріне бөлінетін субсидия да жыл сайын өсіп келеді. Бірақ, бюджеттен берілетін қыруар қаражаттың өзі қоғамдық көліктерді толыққанды қамтамасыз етуге жетпейді екен.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Алматыда тағы да жолақысы көтерілуі мүмкін. Автобустарды жаңартуға және қосалқы бөлшектерін алып, күтіп ұстау тым қымбатқа шығады деген тасмалдаушылар қала әкімдігінен тарифті 120 теңгеге өсіруді сұраған. Былтыр баға қымбаттатпадық деген атқамінерлер енді қаулыны қоғам талқысына шығарған екен. Бірақ, күн сайын автобуспен қатынайтын жұрт жол құнының негізсіз өсіп жатқанына шағымданады.
Ал қалалық әкімдіктегілер жолақысын көтерумен қатар қолма-қол төлемнің алынып тасталынатыны да қаулыда қарастырылып жатыр деді. Енді автобус тізгіндегендер жеке кабинада отыратын болады әрі жолаушылардан ақша алмауына жағдай жасалады. Өйткені, қоғамдық көлікті тізгіндеген жан тек жол ережесіне ғана назар аударуы қажет. Ал Алматы әкімдігі бағаны 120 теңгеге қымбаттату бойынша тасымалдаушылардың өтінішінде негіз бар деп отыр.
АЗАМАТ ЕШАНҚҰЛ, Алматы қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
– Мысалға алдында 100 теңге болып жатқан тариф тасымалдаушылардың өзіне түседі. Ол күнделікті өздерінің шығындарын жаба алмай жатыр. Ол мысалға жанар- жағармайы бар, өздерінің жууы бар т.б коммуналдық шығыны бар солардың бәрін жаппай жатқандықтан, сол тасымалдаушылардың тарапынан осындай ұсыныстар келіп түсуде.
БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
– Қазіргі Алматы автобустарында жолақы Оңай картасымен 100 теңге болса, қолма-қол төлем 200 теңгеге жетеді. Ал қоғам талқысына бүгін шыққан қаулының нәтижесі алдағы уақытта белгілі болмақ. Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап Алматы көшелерінде 20 жаңа бағыт бойынша қоғамдық көліктер қатынай бастайды.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке