Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында шағын футболдан аудандық жарыс

Описание к видео Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында шағын футболдан аудандық жарыс

2024 жылдың 25 шiлде күні Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен "Париж - 2024" ХХХIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында шағын футболдан аудандық жарыс және аула балалары арасында шағын футболдан лиганың ашылу салтанаты өткізілді.
✅Шағын футболдан аудандық жарысқа қатысқан командалар
1. Жаңажол ауылдық округінің командасы;
2. Мешіт жамағаты командасы;
3. 1993 ж. т. командасы;
4. 2005 ж. т. командасы;
5. Жаңақала аудандық ауруханасының командасы;
6. Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің командасы;
7. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының командасы.
✅Аула балалары арасында шағын футболдан лигаға қатысатын командалар
1. «Жалын» командасы;
2. «Қыран» командасы;
3. «Ағайын» командасы;
4. «Бәйтерек» командасы;
5. «Жаңақала жастары» командасы;
6. №3 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы.
Жарыстың ашылу салтанатына Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еслямгалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мерешов Дәурен Кубайдоллаұлы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еслямгалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы командаларға сәттілік тіледі.
✅Жарыстың қорытындысы бойынша
🥇орын Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының командасы;
🥈 орын 1993 ж. т. командасы;
🥉 орын 2005 ж. т. командасы.
✅Номинациялар бойынша
🔹«Үздік шабуылшы» Біржанов Абылай (1993 ж.т. командасы);
🔹«Үздік ойыншы» Жолдығалиев Райымбек (Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының командасы);
🔹«Үздік қақпашы» Жолдығалиев Мейрамбек (2005 ж.т. командасы);
Жарыста жүлделі орындарға ие болған командаларЖаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке