бір шәугім шәй караоке минус текст бир шаугим шай

Описание к видео бір шәугім шәй караоке минус текст бир шаугим шай

қазақша караоке бір шәугім шәй бир шаугим шай

Бір шәугім шай барма еді естеріңде,
Қара шәугім қайнайтын пештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.

Қойдың қиы - отыны құрғақталған,
Қара мұржа түтіні будақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.

Тезек теріп келуші-ек қыраттардан,
Су әкеліп құятын бұлақтардан.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.

Бір шәугім шай ішейік сыр ақтарып,
Анамызды ешқашан жылатпайық.
Келіп-кетіп тұрайық сағынышпен,
Айлап емес ара күн бір апталық.
Қара мешің құт болып тұра берсін.
Тамған терін анамның құлатпайық.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке