Спорттағы "сақалдылар". $775 млн қай спорт түрлеріне бөлінеді — Диас Ахметшәріп

Описание к видео Спорттағы "сақалдылар". $775 млн қай спорт түрлеріне бөлінеді — Диас Ахметшәріп

Бүгінгі подкаст қонағы - Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Министрліктің ресми өкілі 775 млн доллардың нақты қай спорт түрлеріне бөлінетінін, жаңадан құрылған ведомствоның алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып берді.

Азиададағы фиаско, Париж олимпиадасына дайындық мәселесі сөз болды. Диас Ахметшәріп бұдан былай министрлік тек жүлде әкелетін спорт түрлерін (олимпиадалық) ғана қаржыландыру жоспары барын атап өтті.

Спорт министрлігі Қазақстандағы 180 спорт түрін қаржыландырып келгенімен, Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан қоржынына бас-аяғы 12-13 спорт түрінен ғана медаль түсіп келеді екен. Қысқасы, бюджеттен бөлінген қаражат құмға сіңген судай жұтылып кетіп жатыр.

Ұлыбритания олимпиада бағдарламасына кіретін тек 15 спорт түріне бюджеттен қаржы бөледі, Германия 18 спорт түріне қазынадан ақша береді, Өзбекстан тек 17 спорт түріне бюджет қаржысын жұмсайды. Ал Қазақстан 180 спорт түріне қыруар қаражат жұмсап отыр.

Одан бөлек, Диас Ахметшәріп кадр мәселесі, спорт медицинасы, инфрақұрылым тапшылығы жайында сөз етті. Қазақстанда ресми түрде тіркелген 13 мың спортшыға 39 дәрігер ғана қызмет етеді екен.

Подкасты тайм-код арқылы көру:
00:35 Париж олимпиадасына небәрі 8 ай қалды
01:00 Бізде неге бастық көп?
02:05 Спорт басқармалары жергілікті әкімдіктерге бағынады
04:52 Министрлік нақты қанша спортты қаржыландырып отыр?
06:00 Барселона олимпиадасынан бастап (жазғы) тек 13 спорт түрінен жүлде аламыз
08:02 Спорт Тоқаевтан басқа ешкімге керек емес пе?
10:00 Спортымыз 30 жыл ішінде құлдырап кетті
11:25 Азиададағы нәтижеге кім жауапты: Асхат Оралов па, Ермек Маржықпаев па?
12:30 Елімізде 13 мың спортшыға 39 дәрігер ғана бар!
14:00 Әр спортшыны космонавт сияқты дайындауымыз керек!
14:50 Өзбекстанда 4 спорт-ғылыми орталық бар, бізде соның бірі де жоқ!
16:30 Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерін халыққа жариялаймыз
17:40 Министрлік стрип-пластиканы қаржыландырып келген
22:30 Кениядан келген "келімсектер" неге Азиадада топ жармады?
23:10 Азия ойындарында күлкіге қалдық: бас бапкер мас болып ұйықтап қалған
26:00 $775 млн қаржыны ҰОК бөле ме, министрлік пе?
27:10 Жаңа министр Азия ойындарында 1-2 ескерту алған
30:15 Неге министрдің айналасында топырлап 20 адам жүреді?
33:05 Неге халықаралық жарыстарға спортты түсінбейтін журналистер барады?
36:00 Париж олимпиадасына ақпаратты ашық тарататын тәуелсіз журналистер барады
43:00 Федерациялар сын көтере алмайды
45:15 Спорттағы "діншілдер": Намаз спорт режиміне кедергі ме?
48:53 Ұлттық құрамада жүрген спортшылардың айлығы қанша?
52:28 Қазақ спорты құлдырау кезеңінде ме?
53:00 Министр мен басшыларға журналистердің "сәлемін" жеткізіңіз!
54:20 Федерацияларда ауызбіршілік жоқ: өз ішінде бір-бірімен қырқысып жатыр
57:50 Спорт секциялары жоқ аудандар бар
59:00 Қоштасу

Сайтымыз: https://1bol.kz/

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin  
Уәлихан Қосанбай -   / ualikhan_kosanbay  

Подкаст қонағы:
Диас Ахметшәріп - https://www.facebook.com/profile.php?...

#футбол #бокс #спорт

Комментарии

Информация по комментариям в разработке