ҰБТ 2022! Не өзгереді? Қай мамандыққа көп грант бөлінетін болды?

Описание к видео ҰБТ 2022! Не өзгереді? Қай мамандыққа көп грант бөлінетін болды?

Бүгіннен бастап мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін алдын-ала онлайн тіркелуді бастайды. Бұл жолы түлектерге екі рет негізгі сынақты тапсыру мүмкіндігі берілмек. Бірақ, олар бейіндік пәнін ауыстыра алмайды. Ал грант саны артады деген білім министрлігі, нақты қай мамандыққа қанша тегін оқу орны бөлінетінін алдын-ала биыл да айта алмай отыр. Сондықтан, бұл жолы да мектеп бітірушілер тәуекел етіп сынақ тапсыруға мәжбүр.
11 жылдық білімін 4 сағаттың ішінде дәлелдеуі тиіс түлектер биыл мамыр-маусым айларында екі рет ҰБТ тапсыра алады. Мүмкіндік екі рет беріледі екен деп, екеуінің біреуінде болсын ережені бұзуға болмайды. Өйткені, тест қорытындысы түгел жойылады. Сондай-ақ, таңдау пәніңіз екеуінде де бірдей болуы шарт.
РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
– Биылғы жылы ҰБТ-ның өту ең басты қағидаты 1 компьютер, 2 камера және 1 тестілеуден өтуші қағидаты бойынша өткізіледі. Биылғы жылы іске қосылып отырған камерамыз фронталды камера. Оның ең басты міндеті тұлғаны сәйкестендіру, яғни бөгде адамдардың тапсыруына жол бермеу және сондай-ақ емтихан барысында тапсырушыны қадағалау мақсатында енгізіліп отыр.
Тестілеуге кіргеннен камераның бақылауында болатын түлектер үшін компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тағы 40 минут тестілеу уақыты берілетін болды. Түлектерге жақсы мүмкіндік беріп отырмыз деген Білім министрлігі биыл да қай мамандыққа қанша гранттың бөлінетінін айтуға асықпайды. Бірақ, кей өңірлерге ерекше көңіл бөлінбек екен.
ҚАНАТ ӨКСІКБАЕВ, JOO.KZ жобасының жетекшісі:
– Биыл ерте шығарамыз деген-тұғын. 2021 жылдың желтоқсанында шығарамыз деді, одан кейін қаңтарда деп айтты. Бірақ бұл әлі созылып келе жатыр. Нақты шығарылмай жатыр. Өткен жылы мысалы июньның соңына қарай жасады, бұл деген ҰБТ өтіп кетті, адамдар уже кейбір таңдауларын жасады. Бізде енді білесіз қаңтар оқиғасы болды, содан кейін бе Батыс өңірге деп бөлек грант беріп жатыр. Бұл енді басқа өңірдегілердің ашуын туғызуы мүмкін.
56 мыңнан 73 мыңға гранттың артуы түлектерге 50 баллмен де кейбір оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді дейді мамандар. Яғни 3 деген баға алып жүргендердің де тегін оқуға ілігуі әбден мүмкін. Бірақ, бұдан білім сапасы төмендемесе, көтерілмейді дейді сарапшылар.
Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко, Нүркен Тоқмурзин



Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ҰБТ #емтихан #жастүлек #2022 #ЕНТ

Комментарии

Информация по комментариям в разработке