ОРАЛХАН БӨКЕЙ Қасқыр ұлыған түнде (Аудиокітап)

Описание к видео ОРАЛХАН БӨКЕЙ Қасқыр ұлыған түнде (Аудиокітап)

Жазушы бұл шығармасында осы заманғы ғылым мен техника табыстары, жетістіктері емес, сол жетістіктердің көлеңкесінде қалған жадау тіршілік кешкен қазақ ауылдары, ондағы адамдар тағдырын көрсетеді. Шағын әңгіменің кейіпкері Арайдың өз ауылының мүшкіл халін айта келіп: «... Бірақ сіздер мұндай ауылды менсінбей, тура, түзу де, жайлы тегіс жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай тамашаны ғана көріп жазасыздар», - деуі сол кезде ешкім айта алмайтын әлеуметтік шындық екені даусыз.
Автор шығармасында реалистікте, романтикалықта, сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке