Көкпар | Ақсуат ауданы | Қарғыба ауылы – 2023

Описание к видео Көкпар | Ақсуат ауданы | Қарғыба ауылы – 2023

Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Қарғыба ауылы азаматтарының ұйымдастыруымен жаппай көкпар өткізілді. Оған Кіндікті, Жәнтікей, Аққала, Тана мырза, Ойшілік, Қызылжұлдыз, Қарғыба, Құмкөл, Ақсуат, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін ауылдарының көкпаршылары қатысты.

Ұлттық спорттық сайыстың ашылуында Құмкөл ауылдық округінің әкімі Мейіржан Кенжин құттықтау сөз сөйледі. Ауыл үлкендері ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жиыны 11 салымға жүлде тағайындалды. 8 салымның әрқайсына 100 мың теңгеден, сондай-ақ, 2 тайынша, өгіз өлдіге 1 жылқы тігілді.

Жалпы, көкпарға Данияр Хамзин, Өмірбек Айбек, Мерей Дабылханұлы, Серік Жұматов, Ержан Оразалин, Ербол Кәдірғожин, Кәкен Тоқтаров, Саят Садуанов, Ақсуат көкпаршылары, Ержан Әділбеков, Училище ауылының азаматтары, Нұржан Оралбаев, Қайыржан Жұматов, Аслан Қонысбекұлы, Мұхамеджан Советбеков, Құмкөл ауылдық округінің әкімі Мейіржан Кенжин және Қарғыба ауылының азаматтары демеушілік көрсетіп, үлес қосты.

#ән
ALASHULY - Сәйгүлік
Қуандық Рахым - Қазақтың ұлымын
Төреғали Төреәлі - Жүрегің қазақ
Данияр Барыс - Көкпар

#күй
ULYTAU - Жұмыр қылыш
ULYTAU - Көрұғлы
Ардақ Елеусіз - Елім менің

#Ақсуат #көкпар #Қарғыба

Комментарии

Информация по комментариям в разработке