САТҚЫНДАР - ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЖАУЫ.

Описание к видео САТҚЫНДАР - ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЖАУЫ.

2014 жылы жазыппын МАЙЛ РУда
САТҚЫНДЫҚ.
Сатқындық - жауымыз, азғандардың ісі.
Сатқындық қанымызда жоқ еді, болмысымызды арбап-жалмап мысқылдап кіріп, батпандап жатып алды.

ТЕРІС БАТА!!
Қазақ кейде, қазақ дүние танымын сатқандарға «Теріс Бата» берген, алақанын «теріс қаратып» тұрып берген. Сақ бол!
Бауырым! Ата бабаларымыз: «О, Таң-Ірлік Құдайым, ұлтын сатқан, тәрбиелеуге келмейтін екіжүзділер мен жетесіздерді, надандар мен сауатсыздарды, жылпостар мен сатқындарды, балашаға, үрім бұтағымен қоса Шежіре заңымен атып, ішкендерін ірің, жегендерін желім жаса- деп, теріс бата берген.
Бауырым! Бабалардың жетесіздерге берген Теріс батасы, олардың жеке бастарына орнығып, дүниесі астан кестен болған.

ОҢ БАТА!!
Қазақ кейде, қазақ дүние танымын, жан дүниесімен сақтап қорғағандарға, «Оң Бата» берген, алақанын жайып тұрып берген. Ие бол!
Бауырым! Ата бабаларымыз: «О, Таң-Ірлік Құдайым, қазақтың тілін, шежіре ділін, таң-Ір дінін құрметтеген қазақтың басынан - бақ, дастарханынан - дәулет, денінен - саулық кетпей, ел- жұрты, бала-шағасы аман болып, қазақ ұлтының арқалы Ұланы болсын - деп, оң бата берген.
Қазақ! Бабалардың берген «оң батасы» қалп етпей келсін - басыңа!

«Ақиқат» кітабымнан.
Авторлық құқықтардың барлығы заңдастырылған, жазылған деректерді пайдаланғанда автордың айтқандарына жүгіну міндетті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке