Несиесін төлей алмай жүргендердің қарызы қанша уақыттан кейін кешіріледі?

Описание к видео Несиесін төлей алмай жүргендердің қарызы қанша уақыттан кейін кешіріледі?

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Елімізде азамат несиесін үш жыл бойы төлей алмаса қарызы есептен шығарылуы мүмкін. Өйткені, қарыз беруші ұйым заңға сәйкес дәл осы аралықта ақшаны өндіріп алуға міндетті. Сонымен қазақстандықтардың несиесі қандай жағдайда толықтай кешіріледі? Бұндай жағдай қаншалықты жиі кездеседі? Әріптесім Диана Тұрлыбектің бейнематериалында
The hodl ақпараттық арнасының мәліметінше, елімізде азамат жылдар бойы несиесін өтемесе қарызы кешірілуі мүмкін. Бірақ, бұл кредитті беріп отырған микроқаржылық ұйым немесе банк аталған несиені талап етпеген жағдайға. Дегенмен, мамандар бұндай жайттар өте сирек кездесетінін айтады. Ал, заңгерлер осындай жолмен қарыз кешіріледі деп ақшаны өтемей жүрудің өзі заңсыз дейді. Өйткені, бұл тұста займ берушінің де құқығы бұзылады.
ҚУАТ АУҒАНБЕК, заңгер:
– 3 жылға дейін немесе 3 жылда борышкер нотариалдық жазбаның күшін жойып тастаса, одан кейін кредит беруші оны сотқа берсе ҚР Азаматтық кодескінің 178 бабының талаптарына сай исковая давность деген бар ғой сол жойылып кетеді 3 жылдың ішінде. Сол себепті микроқаржы ұйымы берілген қаржыны талап ете алмай қалады. Сол себепті қаржыны талап ету үшін 3 жылдың ішінде сотқа беріп, талап ету керек. Әйтпесе, мерзім өткеннен кейін азаматтардың мүлде төлемей қоюына мүмкіндік көп.
Ал, қоғамның несие тақырыбына келгенде пікірі екіге бөлінді. Бірі алған қарызын жауапкершілікпен өтеу керек десе, екіншісі түрлі жағдайларға тап болып, төлей алмай жүргендердің барын айтады.
Заңгер борышкерлерге қарызын өтеуге мүмкіндігі болмаса қаржы ұйымына қаржыны бөліп төлеу өтінішімен шығу қерек дейді. Бұл екі тараптың да ортақ келісімімен жүзеге асады.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке