Ерлан ТӘТІМОВ - Ақтөбедегі туберкулез дертімен күрес және оған Ғаламдық қорды жұмылдыру жөнінде

Описание к видео Ерлан ТӘТІМОВ - Ақтөбедегі туберкулез дертімен күрес және оған Ғаламдық қорды жұмылдыру жөнінде

Ақтөбенің ескі бөлігіндегі «Мочалов ауруханасы» атанып кеткен туберкулез диспансерінің ғимараты жергілікті тұрғындарға жете таныс. Бір кезде туберкулездің ашық формасымен ауыратындар жақын маңдағы базарларда еркін жүретін-ді. Ал ғимараттан шыққан су өңделмей жылғалармен ағып, Кох таяқшасын таратуы мүмкін деген үрей болды.

Бірақ облыста туберкулез көрсеткіші азайған сайын бұл үрей сейілді. Бүгінде Ақтөбе облысы Қазақстан бойынша туберкулез дерті жөнінен соңғы үштікте. 100 мың адамға шаққанда науқас саны – 28. Бұл Қазақстанда да жағдайдың жақсарғанын білдіре ме? Әлбетте, солай көрінуі мүмкін. Дегенмен...

Tilshi Podcast алаңының кезекті қонағы - Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов бізге біраз жайттың шетін тарқатты.

Ақтөбе облысындағы туберкулез дертінің ахуалы жөнінде көлемді материалды TilshiNews.kz сайтынан да оқи аласыздар.

Бұл материал Solutions Journalism in Medicine (SJMED) жобасы аясында шешім журналистикасы жанрында дайындалды. Материалда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің, АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) ресми көзқарасын білдірмейді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке