Басшысынан қысым көрдік деген жұмысшылар оның қайта қызметке келуіне қарсы

Описание к видео Басшысынан қысым көрдік деген жұмысшылар оның қайта қызметке келуіне қарсы

Қызылорда қаласында локомотив пайдалану депосының жүздеген қызметкері бір ауыздан жұмыстан шығуға дайын отыр. Теміржолшылар ұжымды 19 жыл басқарып, бес ай бұрын қызметінен кеткен Жұлдызбай Мұсаев жылы креслосына қайта жайғасса, қызметімізден кетуге тура келеді дейді. Айтуларынша, осы азамат басшылық жасаған тұста қызметкерлерге қысым көрсетіп, тіпті тиесілі еңбекақыларын бермей келген. Ал бұрынғы қызметіме сот шешімімен келдім деген Мұсаевтың өзі қаншама адам қарсы болса да орнын босатуға құлықсыз.
Локомотив пайдалану депосына бұрынғы басшы Жұлдызбай Мұсаев қайтадан келді деген сәттен бастап теміржолшыларда маза жоқ. Айтуларынша, ұжымды бұған дейін басқарып кеткен азамат қарапайым қызметкердің әрекеті ұнамай қалса, қыр соңына түсіп, жұмыстан қудалаған. Тіпті оған қарсы пікір айтудан да қорқатынбыз дейді. Оның үстіне осы басшының кезінде адал еңбегімізге сай берілуі тиіс сыйақыдан да қағылып келдік деп ашулы көпшілік.
МҰРАТЖАН БЕКЕТОВ, Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі:
– Неше жыл бойы топливаның ақшасын төлемей келді. Басқа жақта төленеді. Бізге келгенде өзінше өкім шығарады. Қолдан істелген нәрсе. Қаншама ақшаны жеді балалардың.
ҒАНИ ӘЛІМБАЕВ, Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі:
– Планеркада сұрақ қойсаң артынша шақырып алады кабинетіне. Сен неге сұрақ қоясың дейді. Артынан адам салып, қудалайды. Уже бәрі ашынды. Пределға келді.
Жұлдызбай Мұсаев 5 ай бұрын қызметін дұрыс атқармады деп жұмыстан шығарылған екен. Алайда ол кінәсіз екенімді сот арқылы дәлелдедім дейді. Сондықтан жүздеген қызметкердің қарсылығына қарамастан, 19 жыл отырған қызметіне қайта оралған.
ЖҰЛДЫЗБАЙ МҰСАЕВ, Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшысы:
– Ұнамаса әркімнің өзінің құқығы. Жұмыстан шығып кете ме болмаса міне басшылық отыр. Прокурор отыр. Онда депоға басшыны сайлау арқылы тағайындауды шешіңдер.
Бірақ "Қазақстан темір жолы" компаниясының өкілдері депо жұмысшыларының наразылығын ескереміз дейді. Тіпті мәселені шешу үшін теміржолшылардан екі күн уақыт сұрады. Ал қайта келген басшы осы уақыт аралығында қызметінен кетпесе жүздеген машинист жұмысқа шықпаймыз деп отыр.










Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке