Күн ☀️ қайда асығады? Мұқағали Мақатаев. Әнуарбек Аманқосов. Жан тыныштық табатын ән, гитарамен 🎸

Описание к видео Күн ☀️ қайда асығады? Мұқағали Мақатаев. Әнуарбек Аманқосов. Жан тыныштық табатын ән, гитарамен 🎸

Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Қайырмасы:
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Тірлікті басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.

Қайырмасы.

Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.

Несіне асығады, асығады,
Ымырт келіп көкжиекке асылады.
Түн келіп дүниені басынады,
Күн қайда асығады, асығады?

Комментарии

Информация по комментариям в разработке