12 балалы Айсұлу 2-видео

Описание к видео 12 балалы Айсұлу 2-видео

12 баламен пәтерден пәтерге көшіп жүрген Айсұлу табатын мардымсыз табысы пәтерақыдан артылмайтынын, ішіп-жем мен киім-кешекке жеткізе алмай, тарығып қалатынын да жасырмай айтқан болатын. Жолдасының денсаулығы ауыр жұмысқа жарай бермейтінін де түсіндірген еді.
Мақала жарық көрген соң келіншектің жанайқайы айтылған видео әлеуметтік желіде жарияланды. Ондағы Айсұлудың айтқандары біраз адамның назарын аудар¬ған еді.
«Ақшалай әлеуметтік көмекке құжат өткізейін десең, «мынауың болмайды, анауың болмайды» деп шығарып салады. «40 мың теңге берсең, бәрін өзіміз істеп береміз» дегенді айтады. 40 мыңды мен оларға берем бе, жоқ бала-шағама бөлем бе? Қарап тұрсам, ақша тықпалағандарға ғана жүгіріп жүріп жасап береді. Ал біз барсақ, көздеріне де ілмейді. Одан кейін көңілің қалып, барғың да келмей қалады. Олар сонда тек жағдайы барларға ғана қызмет көрсете ме?!» – деп ашынған болатын Айсұлу.

Біздің веб-сайт: www.Zamana.kz
Ой-пікір, нақты ұсыныстарыңыз болса, хабарласыңыздар!
Эл. почта: [email protected]

Комментарии

Информация по комментариям в разработке