Әскерде жүріп қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың ісі бойынша күдікті азамат 9 жылға сотталды

Описание к видео Әскерде жүріп қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың ісі бойынша күдікті азамат 9 жылға сотталды

Былтыр сәуір айында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Өзімен бірге отан алдындағы борышын өтеуге келген 19 жастағы атыраулық Айболат Аманжоловты судья 9 жылға бас бостандығынан айырды. Әлі күшіне енбеген үкіммен сотталушы жақ та, жәбірленуші тарап та келіспейді.
Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, опат болған сарбаздың ісі бір жылға жуық қаралды. Бүгін Алматы горнизонының әскери соты күдікке ілінген атыраулық сарбаз Айболат Аманжоловты кінәлі деп тапты. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сарбазды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Сот күдіктіні 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Сонымен бірге моральдық шығынды өтеуді де міндеттеп отыр. Бұдан бөлек жәбірленуші тараптың пайдасына 6 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.
ЗАРИНА РАХМЕТОВА, Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы:
– Аманжолов Айболат Азаматұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге тағайындалсын.
Тоғыз жыл дегенді естіген Айболат Аманжоловтың жақындары бірден үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізді. Ұлдарының әскери бөлімге Әлібек Қалбаймен қатар келгенін айтқан жақындары араларында ешқандай кикілжің болмағанына сенімді. Сондықтан апелляциялық сотқа шағымданбақ.
АЙНҰР ТӨЛЕМІСОВА, сотталушының анасы:
– Тергеу жасаған жоқ. Тергеу жасаса қайтіп жалдап тергеу жасататын едік, әділдікке жетеміз деп жүргенде мынандай жағдай қылып тастады. Олар апелляцияны қайтарды да кері пересуд қылды мына судты кері жасатқызды.
Марқұм Әлібек Қалбайдың да жақындары соттың шығарған үкіміне наразы. Айтуларынша істің ақ-қарасы толыққанды ашылмаған.
БОЛДЫҚ ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, Марқұм Әлібек Қалбайдың әжесі:
– Менің баламды бір бала ұрды дегенге келіспеймін. Себебі, баламда 18 жерінде гематома бар. Ол екеуі бірге келді. Төрт күнде оң-солын танып үлгерген жоқ. Менің баламның тілі жоқ, жер қойнына тапсырдық. Бірақ тілі бар бала айтып тұр ғой. Неге? Мен түсінбедім, бұл баланың сотталғанын қаламаймын.
Еске сала кетейік, былтыр 13 сәуірде әскер қатарына шақырылып, 18 сәуірде Отар кентіндегі әскери бөлімге жеткен сарбаз 4 күннен кейін қайтыс болған еді. Әлімжеттіктің құрбаны болуы мүмкін деген күдікпен атыраулық Айболат Аманжолов сол кезде кінәлі ретінде қамауға алынған еді. Әлібек Қалыбайдың қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тақаев пікір білдіріп, Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырған болатын.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке