Кеден бекеттеріндегі бей-берекетсіздіктерге тоқтау қойылды ма? | Міндет пен меже

Описание к видео Кеден бекеттеріндегі бей-берекетсіздіктерге тоқтау қойылды ма? | Міндет пен меже

Қазақстан құрлық арқылы 5 мемлекетпен шектеседі. Осы елдің барлығымен алыс-беріс бағзыдан қалыптасқан. Кейінгі жылдары шығыстағы көршіміз Қытаймен қатынас қарқынды дамып келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен жасаған саудасының 24% осы елдің үлесінде. Бүгінде қос мемлекеттің ортасында 8 кеден бекеті бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында осы кеден бекеттеріндегі бей-берекетсіздікті сынға алды. Ондағы бармақ басты көз қысты әрекеттердің кесірінен бюджет тиісті түсімнен қағылып отырғанын айтты. Бас прокуратура мен Қаржы министрлігіне шекарадағы шикілік пен жемқорлыққа тосқауыл қойып, темірдей тәртіп орнатуды тапсырды. Міндет атқарылып межеге жеттік пе?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz

#МіндетПенМеже #КеденБекеті #Шекара #Жемқорлық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке