Мына жағдайда банк сіздің несиеңізді кешіруге міндетті

Описание к видео Мына жағдайда банк сіздің несиеңізді кешіруге міндетті

Қазақстанда борышты өндіріп алу мерзімі өткен несиелер кешірілуі мүмкін. Яғни, заңға сәйкес банк не қаржы ұйымы берешекті қайтару туралы талап енгізбесе, борышкер қарызын қайтармауға құқылы. Ол үшін 5 жыл қажет. Демек, осы 5 жыл ішінде өтелмеген кредит сотқа жолданбаса тұтынушы қарызынан құтылады. Тақырыпты әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы жалғастырады.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
– Көп кісі біле бермеуі мүмкін, негізі, заңда борышты өндіріп алу мерзімі түсінігі бар. Ол біздің елде 5 жыл болып бекітілген. Яғни, банк не қаржы ұйымы берешегін өтемеген борышкерден қарызын қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді. Айталық, тұтынушы әлдебір қаржы ұйымынан 1 миллион теңге несие рәсімдеді. Сөйтіп, шамамен 75 пайызын төледі. Бірақ, табысынан не жұмысынан айырылып, кредиті өтелмеді. Ал, банк дәл сол күннен бастап бес жыл бойы қарызды өндіру туралы талап-арыз жазған жоқ. Демек, шартқа қатысты ескіру мерзімі қолданылып, борышкер міндетінен құтылады. Сондай-ақ, заңгерлер тағы бір маңызды дүниені қаперде ұстауды ұсынып отыр.
БАҒДАТ АМАНДОСҰЛЫ, заңгер:
– Банк тарапынан 20 күннің ішінде қарыздың сомасын және оны өтеу туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Неге дейсіз ғой? Себебі, банк егер сол 20 күнтізбелік күннің ішінде жібермесе, онда ол ертең сотқа жүгінген кезде сотқа дейінгі тәртіп сақталмай қалады.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, ТІлші:
– Демек, сотқа дейінгі талап сақталмағандықтан берешек бойынша өсімпұл есепке алынбайды. Сәйкесінше, борышкер тек төлемді кешіктіргенге дейінгі соманы өтеуге құқылы болмақ. Десе де, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі деді заңгерлер. Өйткені, қаржы ұйымдары сотқа уақытылы жүгінеді. Сондай-ақ, қарыз қайта есепке алынуы мүмкін. Мәселен, несие алған кісі 3 жыл бойы ақша төлеген жоқ. Банк те хабарлама жіберіп, қаржыны өндіру туралы арыз түсірмеді делік. Демек, енді екі жыл өтсе, ескіру мерзімі күшіне енеді. Бірақ, осы аралықта борышкердің несиесі бойынша азғантай болса да ақша аударылса, өткен 3 жыл жойылып, талап қою мерзімі қайта басталады. Бір сөзбен айтқанда, бұл тәсіл банктер ғайыптан тайып берешек туралы толық ұмытып кеткен кезде ғана іске асады. Сондықтан, мүмкіндігінше, несиені кешіктірмей, уақытылы төлеген абзал дейді заңгерлер.
3






Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке