Надежда Крупская атындағы орта мектебінің 1981 жылғы түлектерінің 40-жылдық Мерейтойы

Описание к видео Надежда Крупская атындағы орта мектебінің 1981 жылғы түлектерінің 40-жылдық Мерейтойы

Барлық сұрақтармен: +7708 634 48 57 (Ерасыл)

ШӘКІРТ ЕДІК БІР КЕЗДЕ!
40 жыл - 4 ай уақыт секілді қалай зу етіп өте шыққанын байқамай да қалыппыз! Мектепке тарыдай болып кіріп, қолымызға алғаш қалам ұстаған, әріп таныған сәттер күні кеше сияқты еді?! Бір-бірімізбен таныстығымыз да сол кезде басталып, 10 жыл бірге оқып, есейдік. Сол жылдарда біз білімге ден қойған, бірге ойнап-күлген, құлын-тайдай тебіскен, қанша тентектік жасасақ да,ұстаздарын құдайындай сыйлаған шәкірттер едік-ау! Қайран уақыт десеңші! Балалық шақтың көбі дерлік мектеп қабырғасында өтті. Десе де, өсіп-өнген қаламыз -Атырау біздің балғын күндерімізге куә. Европа мен Азияны бөліп жаткан шекарамыз Орал тауынан бастау алатын «Жайық» өзенінің суына шомылып, талай рет қуаласпақ ойнадық, көркем табиғат аясында, әсем Жайык жағалауының самал желімен жарыса жүгіріп, шаршап-шалдығып, үйімізге қайтушы едік.....

Барлық сұрақтармен: +7702 634 48 57 (Ерасыл)

Комментарии

Информация по комментариям в разработке