Мопедтер көлік санатына жатқызылады | Заң бойынша

Описание к видео Мопедтер көлік санатына жатқызылады | Заң бойынша

Мопедшілерге тықыр таянды. Көп көліктің арасымен зуылдап, жол ережесін елемейтін олар енді көлігін тіркеп, мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Яғни «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет. Осылайша, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрге дейінгі мопедтер көлік құралы санатына жатқызылады. Жақында Сенат мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған заңды мақұлдады. Бұған дейін мопедтер мемлекеттік тіркеуде болмады. Сондықтан, бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау қиынға соқты. Салдарынан, жол ережесін бұзғандар көбейіп кетті.


«24KZ» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz
*******
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ:
Facebook:   / tvkhabar24  
Instagram:   / 24kz_tv  
Telegram: https://t.me/tv_24KZ
TikTok: www.tiktok.com/@tv24kz
Twitter: https://x.com/tvkhabar24

#24KZ #мопедтер #жүргізушіКуәлігі #жолЕрежесі #ЗаңБойынша #жаңалықтар

Комментарии

Информация по комментариям в разработке