Динамика Ньютон заңдары

Описание к видео Динамика Ньютон заңдары

Динамика – денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмi. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады.
1. Инерттілік (инерция) – дененің бастапқы күйін сақтай алу қабілеті.
2. Масса - денелердiң инерттiлiгiн сипаттайтын скаляр шама.
3. Күш - денелердiң өзара әсерлесуiн сипаттайтын векторлық шама.
Денелер өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады:
1.  Дене үдеу алады.
2.  Денелер деформацияланады.

Ауырлық күшi - дененi жерге қарай тартатын күшке айтылады.

Үйкелiс күшi - Бiр-бiрiне қатысты қозғалатын денелердiң арасында немесе бiр ғана денелердiң бөлшектерiнiң арасында пайда болатын және әрқашан қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш үйкелiс күшi деп аталады.

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке