Qаймақ: Тасарал ауылы

Описание к видео Qаймақ: Тасарал ауылы

Тасарал ауылы ерке Балқаштың бойында орналасқан. Айта кетерлігі, елді мекен халқы ешқашан жоқшылық көрмеген екен. Тіпті тоқырау жылдары да тасаралдықтар өзге ауылдар сынды тозбай , тоқ отырған. Қазір де ауылдағы әрбір отбасының кірісі ай сайын миллиондап саналады. Бұл, әрине, Балқаштың берген балығының арқасы.

Тасаралда соңғы жылдары туризм бизнесі де дамып келеді. Демалушыларға қызмет көрсету мақсатында ауылда шағын және орта бизнес аяғынан тік тұра бастаған. Ауылдың өзге де қызықтарын Qаймақ жобасынан көріңіздер.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке