А-әрпінен басталатын қыз бала есімдері / Қыз балаларға арналған есімдер

Описание к видео А-әрпінен басталатын қыз бала есімдері / Қыз балаларға арналған есімдер

Жаңадан өмір есігін ашқан нәрестеге жақсы есім беру – ата-ананың міндеті. Себебі азан шақырып қойылған сәби есімі – оның өмірі үшін маңызы зор.
Ұлтымызға тән қасиеттің бірі пер­зентіне барынша жақсы есім берумен басталып, ерекше мейіріммен қарап, оның тәрбиесіне аса жауапты болған. Бала тәрбиесін тал бесіктен бастау осыдан туындаса керек. Яғни ұрпағына мағыналы есім қоюдың маңызын жете түсінген.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным-сенімнен болса керек.

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болсын өз шаңырағында сәби дүниеге келгенде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені есімдердің адам өміріне, адам атына ықпалы өте ерекше дейді ғалымдар. Адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.


Олай болса, назарларыңызға А-әрпінен басталатын қыз бала есімдері/ ҚЫЗ балаларға арналған ЕСІМДЕРДі назарларыңызға ұсынамыз:

#ерекшеесімдер #қызбалаесімдері #қазақшаесімдер #қызбалаларғаесімдер

Комментарии

Информация по комментариям в разработке