Жұмат Шанин ауылына - 60 жыл. Панам да ел, данам да ел. 1-ші бөлім

Описание к видео Жұмат Шанин ауылына - 60 жыл. Панам да ел, данам да ел. 1-ші бөлім

Павлодар облысы, Баянауыл ауданының қазіргі Жұмат Шанин ауылының табиғаты мен, жайылымы малға жайлы, шөбі шүйгін, халқы жайдарман келген Жұмат елінің тарихы тереңде жатыр. Ауылдың 60 жылдық мерейтоы дүбірлі түрде аталынды. Ел тұрғындары мен жан-жаққа жүрген ауыл азаматтарының ауызбірлігімен құрылыс жүріп, екі бірдей нысан көтерілді.
Ауылдағы Ақ Мешіттің жанынан асхана ашылып, жастар орталығы салынды.
Күркелі ауылдық округінің әкімі ауылдың 60 жылдық тарихын баяндап, бүгінгі тыныс-тірлік жайлы кеңінен сөз қозғады. Нысандар салуда демеушілік жасаған жомарт жандарды құттықтады. «Туған жерге туың тік» деген сөздің мән-мағынасын жомарт азаматтар көрсетіп, әсіресе, осыған дейін жас жеткіншектерге футбол мен баскетбол ойнайтын алаң салып берген, елден шыққан арда , қайырымды азамат, бүгінде Астана қаласында тұратын Хасеновтар әулетінің ұрпағы Каналимов Ерлан Ермекұлы, жомарт жүрегін танытып мешіттің жанынан ашылған асхананы жеке қаражаттарына салып берген. Бүгінде Астана қаласының Алланың нұры жаусын деген көпшілік тілектерін жаудырды.
Бұл ашылған асхана мен жастар үйі –ертеңгі өсіп келе жатқан жас жеткіншектерг е, ауыл тұрғындарға қызмет жасайтттыынына зор сенім бар.

Жұмат ауылының танымал түлектері, жыршылары жиналып, туған жері туралы толғана сөз сөйлеп,
«Панам да ел, данам да ел» атты мәдени-спорттық іс-шаралар бағдарламасы кеңінен құлаш жайды.
Тойға жиналған қонақтар мен жұртшылықты әуелі футболдан және жүгіруден марафон, асық ату, күрес, арқан тартыс, кір көтеру сияқты спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға ақшалай және бағалы сыйлықтар таратылды.
Каналға жазылып, тіркелуді ұмытпайық! Келесі видеоның шыққан жалғас бөлімдерін жіберіп алмаңыздар!

‪@temirtaskyzy‬

Комментарии

Информация по комментариям в разработке