Теріскейде суық суға түсетін морждардың маусымы басталды

Описание к видео Теріскейде суық суға түсетін морждардың маусымы басталды

Тәні саудың – жаны сау. Теріскейде сақылдаған сары аязға қарамастан тастай суық суға түсетін морждардың маусымы басталды.

Жылдағы дәстүрден жаңылмағанадары Есіл өзеніне арнайы келіп, мұздай суға шомылады. Осылайша салауатты өмір салтын ұстанғандар табиғат аясында саф ауа жұтып, денсаулықтарын шыңдайды.

Айта кету қажет, бүгінде мұндай солтүстікқазақстандықтардың қатары жыл санап артып келеді.

Петропавл қаласының тұрғыны Алексей Зотов суық суға бірінші рет түсуде. Алғашқыда сескенгенімен, тәуекелге бел буған азамат ойыққа ойланбастан күмп етті.

Алексей Зотов, қала тұрғыны

-Жаман әдеттерімнен арылу үшін салқын суға шомылуға арнайы келдім. Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымды түзеуді ойлап жүрмін. Бастапқыда қорқыныш болды. Бірақ қазір өзімді сергек сезініп тұрмын.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейтін морждар үшін Теріскейдің сарышұнақ аязы еш кедергі емес. Олар кез келген ауа райында тастай суық суға сүңги береді.

Тіпті бұл істі дағдыға айналдырғандары да бар. Нәтижесінде біраз адам дерттерінен құлан таза айығыпты.

Александр Анисимов, қала тұрғыны

-Шомылу – денсаулыққа өте пайдалы. Ең бірінші, ағзамыз тазарады. Судан шыққан соң өмірге деген көзқарасың өзгереді.

Қыстың көзі қырауда шомылу үшін ең алдымен психологиялық дайындық қажет. Оның үстіне бұл денсаулыққа да пайдалы.

Самат Қайырденұлы, тілші

-Шешінген судан тайынбас деп, менде ойыққа түсіп көрдім. Алған әсерім керемет, күннің суықтығына қарамастан. Дей тұрғанмен мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Бүгінгі күні Петропавлда морждардың арнайы клубы бар. Уақыт өткен сайын олардың қатары артып келеді.

Яғни қазірдің өзінде шаһарда 70-ке тарта азамат осындай жолмен денсаулықтарын шыңдап жүр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Комментарии

Информация по комментариям в разработке