«Білім күні – бейбітшілік күні»

Описание к видео «Білім күні – бейбітшілік күні»

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 1-қыркүйек күні Білім күні мен 30-тамыз –Конституция күніне орай «Білім күні – бейбітшілік күні» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Мерекелік іс-шараға колледж табалдырығын алғаш аттап отырған І курс студенттері, ата-аналар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Жиынды колледж директоры,
пғк. Л.А.Баймаханова ашып, оқытушылар мен студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, осы жылы 60-жылдығын атап өткелі отырған оқу орнының тарихына, жыл барысындағы мақсат-міндеттеріне тоқталды. Ал, сөз алған ардагер ұстаздар мен қонақтар студенттерге ізгі тілегін білдіріп, білім жолына табыс тіледі.Әсем әндер, күмбірлеген күй мен нақышты билер орындалған салтанатты жиын соңында болашақтың иесі І- курс студенттеріне сенім арта отырып, білім кілті мен студенттік билет ресми түрде тапсырылды. Салтанатты жиында мемлекеттік туды облыстық WORLDSKILLS TURKISTAN-2024 чемпионатының Алтын медаль иегері, республикалық кезеңге жолдама алған Әділханов Дархан Сәкенұлының ұстап шығуы студенттерге өнегелік өрнегін танытып, биік жетістікке жол нұсқағандай әсер етті. Оқу орнына сағынышпен оралған ұстаздар мен студенттер жиыннан соң қуаныш құшағында суретке түсіп, жаңа оқу жылының мазмұнды қуанышын елге әйгілеп тұрды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке