"Атамекен" - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

Описание к видео "Атамекен" - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндер санаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнелетін бірегей әндердің бірі.
Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.
Ескендір Хасанғалиев – Атамекен
Сөзі:Қ.Мырзағалиев
Әні:Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке