Араб тілі грамматикасы Сарф пәні 1-сабақ

Описание к видео Араб тілі грамматикасы Сарф пәні 1-сабақ

Араб тілінде өзінен бір мағынаны білдірген сөз ( كَلِمَةٌ ) – калима деп аталады. Сөз (كَلِمَةٌ) әріптерден құралып, бір әріптен жеті әріпке дейін болады. Мысалы:
بِ , مَنْ , قَلَمٌ , كِتَابٌ , مَحْمُودٌ , اِجْتِهَادٌ , اِسْتِعْمَالٌ
Араб тілінде де қазақ тілі cияқты түбір сөзге қосымша жалғану арқылы сөздер жасалады.Бірақ түбір сөздің тек соңындағы әріпке емес, ортасындағы немесе алдындағы әріпке де жалғануы мүмкін. Қазақ тілінде жұмыс сөзіне “шы„ , “орны„ , “тар„ қосымшаларын жалғап, «жұмысшы», «жұмысорны», «жұмыстар» деген түбірлес сөздерді жасаймыз.Осыған ұқсас араб тілінде де " عَمَل " сөзіне" ا " , " م " , " أ " әріптерін жалғап,أَعْمَالٌ , مَعْمَلٌ , عَامِلٌ сөздерін жасаймыз.
Түбірге жалғанған әріптер - сөз тудырушы қосымша әріптер деп аталады. Сөз тудырушы әріптер сөздің алдына, ортасына, соңына жалғанады. Қосымша әріптер жалғанғанда сөздің түбірінің әрекеті және сукундары өзгереді. Сөздің түбіріне сөз тудырушы қосымша әріптер жалғанып, оның әрекеті және сукундары өзгергеннен кейін, сөздің түбірі және қосымшасы қайсысы екенін ажыратып алу үшін, өлшем ойлап табылған. Мысалы: " مَدْرَسَةٌ " сөзінің түбірі " دَرْسٌ " сөзінен шыққанын өлшем арқылы білеміз.
Өлшемде ف , ع , ل түбір әріптерімен белгіленіп, сөздің әрекеті мен сукундары өзгеріссіз, сол қалпында көшіріледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінің бірінші әріпін" ف ", екінші әріпін " ع ", үшінші әріпін " ل " әріпімен белгілеп, әрекеттерін өзгертпестен көшіргенде, " فَعَلٌ " өлшемінде болғанын көреміз. Мысалы:
عِنَبٌ اُذُنٌ جُبْنٌ حِبْرٌ دَرْسٌ وَرَقٌ
فِعَلٌ فُعُلٌ فُعْلٌ فِعْلٌ فَعْلٌ فَعَلٌ
Түбірге жалғанған сөз тудырушы қосымша әріптер өлшемде өзгерусіз көшіріліп көрсетіледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінен жұмысшы мағынасындағы " عَامِلٌ " сөзін жасау үшін, бірінші әріптен кейін " ا " әріпі жалғанған болса, өлшемде де " ف "әріпінен кейін " ا " әріпін жалғап көрсетеміз. Мысалы:
مَعْمُولٌ مَعْمَلٌ اَعْمَالٌ عَامِلٌ
مَفْعُولٌ مَفْعَلٌ اَفْعَالٌ فَاعِلٌ
істелген іс жұмыс орны Жұмыстар жұмысшы
Сөздің түбірінің бірінші әріпі өлшемде" ف " әріпімен белгіленгені үшін, сөздің біріншісі “фасы”,екіншісі “айны”, үшіншісі “ләмі” деп аталады:

Комментарии

Информация по комментариям в разработке