Қазақ тілі туралы арандатушылық мәлімдеме жасаған Chocolife басшысы халықтан кешірім сұрады

Описание к видео Қазақ тілі туралы арандатушылық мәлімдеме жасаған Chocolife басшысы халықтан кешірім сұрады

Қазақ тілі туралы пікір білдіремін деп Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың басы дауға қалды. Ол күні кеше ресейлік кәсіпкерлер қатысқан жиында «адам орыс тілін шынымен білмесе, түсінуге болады. Ал тек қазақ тілінде жауап беру ұлтшылдыққа жатады. Бұл - мәдениеттіліктің көрінісі емес» деп айтқан еді. Ол бұл сөздерді орысша сұраққа қазақша жауап беретіндерге қарата айтқан. Алайда, кәсіпкердің бұл сөзіне сын қарша жауды. Бұл тақырып тек әлеуметтік желіде ғана емес, бүгін сенат кулуарында да сөз болды.
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Енді бұл әлеуметтік желіде көп талқыланып жатыр ғой. Әрине, құзіретті органдар бар. Оны қарайтын. Сондықтан да егер оны сотқа беріп жататын болса, ар-намысқа тиетін сөздері де бар, беріп жататын болса, сол құзіретті органдар өзінің бағасын берер.
ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Ұлттың құруы үшін бірінші тіл құриды. Дін құриды. Өзінің тарихына деген құрмет, мысалы таусылса өзіміздің азаматтардың, онда біздің болашағымыз болмайды. Кез келген... әрине біз жүрегімізде патриот болған соң, әрбір, тек қана қазақ емес Қазақстандықтар қазақ тілін меңгергені өте дұрыс. Ол біздің конституция, басқа да заңдарда бар.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда Рамиль Мухоряповтың еншісінде ірі туристік компаниялар мен интернет-дүкендер және өзге де қызмет көрсететін компаниялары бар. Ал, кәсіпкерге ашулы көпшілік кешелі бері оған тиесілі «Chocolife.me, Chocotravel, Chocomart.kz, iDoctor.kz, Aviata.kz» өнімдерінен бас тартып жатыр. Тек қазақ тілінде жауап беретіндерге қарсы сөйлеген кәсіпкер көпшіліктен мұндай реакция күтпеді ме, бүгін барынша ақталуға тырысып, тіпті қазақ тілінде кешірім сұраған видеосын жариялады. Сондай-ақ, тіл үйренемін деп үндеу жасады. Одан бөлек, кәсіпкер өздерінің кейбір сервистерінде қазақ тілін қолдану бөлігінде кемшіліктер бар екенін мойындап, олқылықтармен жұмыс істеп жатқандарын айтқан. Тіпті жақын арада барлық парақшаларында қазақ тіліндегі контент болады деп сендіріп отыр. Алайда, компанияның кейбір парақшаларында қазақ тілінде ақпарат мүлдем жоқ.
Рамиль Мухоряпов, "Chocofamily Holding" компаниясының негізін қалаушы:
– Сәлем, достар!. Сіз кешегі видеоның бір бөлігін көрдіңіз. Ең алдымен барлықтарыңнан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыз, қазіргі кезде сіздерді өте мұқият тыңдау керек. Аздап тілді түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Ал енді сөйлеуде үйренүге тырысамын.





Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#РамильМухоряпов #ChocofamilyHolding

Комментарии

Информация по комментариям в разработке