101 ауруды емдейтін АЛАКӨЛ суы. Бұғаз демалыс орны.

Описание к видео 101 ауруды емдейтін АЛАКӨЛ суы. Бұғаз демалыс орны.

Алакөл Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.

Алакөлді көл деп атау қиын, себебі, оның аумағы теңіз сияқты үлкен, суы да теңіздің суы секілді тұзды. Көлдің ұзындығы – 104 км, ені – 52 км, ең терең жері – 54 метрді құрайды. Жағалаудың климаты континенталды. Максималды ауа температурасы +42 градус. Ал, су бетінің температурасы +26-30 градустар аралығында.

Алакөлге Қатынсу, Үржар, Жаманөткел, Емелқұйса, Жаманты және Ырғайты өзендері құйылады. Бірақ, көлден су ағып шықпайды, сондықтан, ол ағынсыз болып саналады. Өз атауына сәйкес, бір күн ішінде, түсін бірнеше рет өзгертеді. Ертемен судың тазалығы соншалық, 2-3 метрде жүзіп жүрген балықтарды көруге болады, күн шыққанда – алакөл көк түске боянып, Жел соқса – сұр түсті , ал жауын жауса – қызғылт түске айналады.

Алакөлдің Орталық бөлігінде, үш аралдан тұратын архипелаг орналасқан. Олар: Үлкен, Орта және Кішкене Аралтөбе деп аталады. 1998 жылы осы аралдарда Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ашылды. Ол жер балыққа бай болып табылады. Мінеки осы аталған факторлар, Алакөлдің керемет демалыс орнына айналуына әсерін тигізді. Адамдар бұл көлге күшін қалпына келтіруге, емделуге және көңіл-күйді көтеру үшін келеді.

Достар видеода менің Алакөлдегі демалыс жайлы ойымды біле аласыздар, оң және теріс жақтарын айтып бердім. Біз отбасымызбен 2023 жылғы тамыз айының басында 7 күн Бұғаз демалыс орнында демалдық.

Егер видеом ұнаса, лайк басып, каналыма жазылып, достарыңызбен видеомен бөлісуді ұмытпаңыздар. Сұрақтарыңыз болса комментарийде жазуларыңызды сұраймын, барынша жауап беруге тырысамын.


#алакөл #алаколь #туризмказахстан #казахстан #алаколь2023 #отдыхвказахстане #демалыс #жағажай #жаздемалысы #пайдалыкеңес #пайдалыақпарат

Комментарии

Информация по комментариям в разработке