Бекзатым-ай | Бейбіт Сейдуалиева

Описание к видео Бекзатым-ай | Бейбіт Сейдуалиева

Бейбіт Сейдуалиеваның орындауында халық әні - Бекзатым ай

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Кішкентайдан өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртымнан аулымның өттің, кеттің,
Үкісін тақияңның бермей кеттің.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Кішкентайдан өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.


#казакшаандер #казакшамузыка #казакша #казакшаканал #бейбітсейдуалиева #тоқтарсеріков #казахскиепесни #казахскаямузыка #kazakshaander #казакшажанаандер #жанаказакшаандер #хитәндер #жаңаән #ескіән #ескіжаңаәндер #халықәндері

Комментарии

Информация по комментариям в разработке