Қасым Аманжол. Шынның жүзі — Алтынбек Сәрсенбайұлы .2004ж.

Описание к видео Қасым Аманжол. Шынның жүзі — Алтынбек Сәрсенбайұлы .2004ж.

Қасым Аманжол. Шынның жүзі — Алтынбек Сәрсенбайұлы. 2004ж.

Сұхбат қонағы жаңашыл, реформатор саясаткер, 2006 жылы қастандықпен қаза тапқан Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Шынның жүзі — Қасым Аманжолдың 23 жасында телеэкранға шығарған, Қазақ еліндегі ықпалды тұлғалардың көбі шақырылған, әлі күнге ел аузынан түспейтін телебағдарлама.
«Шынның жүзінің» бірінші сәттілігі – атауында. Бұл атты қойған белгілі әдебиетші, сазгер, «Қазақстан» ұлттық арнасының сол кездегі бас редакторы – Тұрсынжан Шапай. Екінші сәттілігі – жүргізушісінде.
Қасым Аманжолұлы қазір Азаттықтың ТВ продюсері. «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Қазақстан», «Алматы», K+ және «Таң» телеарналарында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарған.
Қасым Аманжол — Ұлттық арнадан кеткеннен кейін «Жас қазақ» газетінде жұмыс істеді, Шәкәрім бабамыз жайында «Мұтылған» атты деректі фильм, Болатхан Тайжан туралы деректі фильм түсірді. «31 арнада», КТК арнасында, «Намыстан» бейнепорталында авторлық жобалар жасады, «Тәуелсіз» деп аталатын саяси ток-шоу жүргізді. Qazaq News жобасының авторы және модераторы. Ресейдің Украинаға агрессиясы кезінде Майданға барған қазақстандық жалғыз журналист. Қастандықтан қаза тапқан оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы «Елімнің ертеңі не болмақ?» атты деректі фильм авторы.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке