ЕҢ ӘДЕМІ ӘРІ ЕҢ ҮЛКЕН 7САРҚЫРАМА

Описание к видео ЕҢ ӘДЕМІ ӘРІ ЕҢ ҮЛКЕН 7САРҚЫРАМА

1 Әлемдегі ең үлкен сарқырама - Анхел. Сарқыраманың биіктігі 979 метр және ол Венесуэланың тропикалық ормандарында орналасқан. Оны 1933 жылы Джеймс Анжел есімді ұшқыш кен орындарын, ұшақпен іздеу кезінде ашады, Бұл сарқыраманы 2009 жылдың желтоқсанында Венесуэла президенті, Сарқыраманың атауын Керепакупай-меру сарқырамасы деп өзгертті, бұл оның жергілікті атауына сәйкес еді, бірақ басқа елдерде ресми түрде ол Анхел деп аталады. Әлемдегі ең биік сарқырамаға бару өте қиын, өйткені сіз оған тек әуе немесе өзен арқылы бара аласыз, әрине егер қалтаңыз көтерсе!
2 Тугела сарқырамасы - әлемдегі Ахнельден кейінгі екінші үлкен сарқырама. Ол құлап жатқан бес каскадтан тұрады, оның ең үлкені 411 метр. Түгела сарқырамасының жалпы биіктігі - 948 метр, ені - небары 15 метр. Сарқырама Оңтүстік Африка Республикасының Наталь провинциясында орналасқан. Сарқырама өз атауын таулардан бастау алып, төменге ағатын Тугера өзенінен алды, ол Тугела сарқырамасын құрайды. Сарқырамаға 2 соқпақты жол ғана апарады, оны жүріп өту үшін 6-8 сағат кетеді.
3 Үш апалы сарқырама, судың үшке бөлініп құлап ағыуына байланысты осылай аталған. Перу мемлекетінде орналасқан Сарқыраманың биіктігі 914 метрге жетеді, бұл әлемдегі үшінші сарқырама болып саналады. Сарқыраманың ені небары 14 метрге жетеді. Сарқырама толығымен 30 метр биіктікке жететін ағаштары бар орманмен қоршалған.
4 Гуайра сарқырамасы Алдыңғы үш сарқырама әлемдегі ең биік сарқырамалар ретінде ұсынылады, Гуайра сарқырамасының биіктігі небары 34 метрді құрайды, бірақ одан өтетін судың көптігіне байланысты үлкен деп атауға болады. Бұл сарқырамадан секундына 13,3 мың текше метр су өтеді, бұл оны ең үлкен сарқырама етеді. Ол Бразилия мен Парагвайдың шекарасында орналасқан. Бұл сарқыраманың тарихы онша танымал емес, оны белгісіз алтын іздеушілер тапқан!
5 Ниагара сарқырамасы Оның ені бойынша үлкен деп атауға болатын әлемдегі ең танымал сарқырама, АҚШ та орналасқан, оның ені 1200 метр, бірақ оның биіктігі небары 53 метр. Ниагара сарқырамасы әлемдегі ең әдемі сарқырама болып саналады, өйткені ондағы көріністі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сарқыраманың гүрілі бірнеше шақырымға дейін естіледі, оның жанында тұрған адам сарқыраманың гүрілінен басқа ештеңе естімейді, осыған байланысты оның атын Ниагара деп атаған, өйткені ирокез тайпасының Ниагара сөзі гүрілді су дегенді білдіреді!
6 Тағы бір танымал сарқырама - Виктория. Бұл сарқырама Оңтүстік Африканың Зимбабве мен Замбия елдерінің шекарасында орналасқан. Викторияның биіктігі 108 метрге, ал ені 1800 метрге жетеді, бұл Ниагара сарқырамасынан да кеңірек. 1855 жылы Дэвид Ливинстон атты зерттеуші сарқыраманы көріп, оны Виктория патшайымның есімімен атауды жөн көрген.
7 Тағы бір үлкен сарқырама - Игуасу. Оны әлемнің сегізінші кереметі деп те атайды, өйткені ол өте әдемі. Игуасу Аргентина мен Бразилияның шекарасында орналасқан. Бұл атау «үлкен су» дегенді білдіретін гуарани тіліндегі сөздерден шыққан. Сарқыраманың биіктігі 82 метр, ал ені 4000 мың метрдан асады, бұл әйгілі Ниагарадан әлдеқайда биік. Сарқырама 1541 жылы Альваро Касесо есімді испандық кісі осы аймақтан алтын іздеу кезінде ашқан. Елестету қиын, бұл сарқырама сағат сайын 1 миллиард тонна су ағызады

Комментарии

Информация по комментариям в разработке