КТК: Қазақстан жаңалықтары 10.01.2025

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 10.01.2025

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram:   / aigerimaskarkyzy_ktk  )

АЛАПАТ ӨРТ
Петропавлдағы ең ірі сауда орталығының түгі қалмай жанып кетті. Таңғы төртте тұтанған жалын жоғарғы қабаттағы пәтерлерге дейін жеткен.

БЕНЗИН ТӨГІЛДІ
Атыраудағы зауытта ақау шығып, бензин жан-жаққа жайылған. Өндіріс орнында 30 тоннадай жанармай төгіліпті.

ҚОР БОЛДЫ
Қорқор шегуге қорқып қалды. Қоғамдық орында түтінін будақтатып отырғандарға да, оны дайындап сатқан мейрамхана мен клуб иелеріне де жаппай айыппұл салынды.

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
Жайлы мектепке жетудің жайы. Астана іргесіндегі Қояндыдағы білім ошағына барар жолда бұрын соңды болмаған көлік кептелісі туындады.

ҚАРАЛЫ ХАБАР
Халық жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеден озды. Ұлы тұлға мұхиттың арғы жағында 85 жасқа қараған шағында бақилық болды.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке