Құлсарыдағы тасқын: су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр

Описание к видео Құлсарыдағы тасқын: су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Атырауда тасқын қаупі әлі де сейілген жоқ. Тек Құлсарының өзінде су астында қалған үйлердің саны үш мыңға жуықтаған. Қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір құтқарушылар, әскерилер мен жергілікті жұрт қапқа құм толтырып, қорғаныс бекеттерін жасап жанталасуда. Өкініштісі су басқан баспанасын көремін деп кеткен екі адам әлі табылған жоқ. Әкесі мен баласын туыстары, төтеншеліктер екі тәуліктен бері іздеп жатыр. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Әріптесім Нұрадин Рақай Атырау облысындағы ахуалды айтып берсін.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Құлсарыда жоғалаған әкесі мен баласы екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Су ортасында қалған үйін көрмекке кеткен екеу осы көшеден қайта оралмапты. Соңғы бейнесін бақылаукамерадан көрген жақындары осы жерде суға кеткен деп жорамалдайды.
ЖАНБОЛАТ ЕРМЕКБАЕВ, Болатбек Ермекбаевтың Інісі:
– Екі тәулік болды. Қазір қарқынды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. МЧС-тер әр облыстан келіп қосылды. Әлі нәтижесіз. Күрделі іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Мына жерде осы көшемен кірген камераға түскен бейнежазба бар. Ары қарай объектіге сыймай қалған. Қазір бұрыш-бұрыштағы мусорларды, сетканы жан-жағын қарастырып жатырмыз. 6-7 қайықпен құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Із-түссіз кеткен Асылхан Нұржау шаңырақ көтеруді жоспарлап, туыстарына шақырту жіберіп қойған екен. 12-ші сәуірде құдалық күні белгіленген екен. Суға кеткен жалпы төрт адамның екеуінің денесі кеше табылса, әкелі-балалы Ермек пен Нұржаудан хабар жоқ. Ал айдын көлге айналған ауылдағы көрініске бей-жай қарау мүмкін емес.
Ал, Тұрғызба ауылынан 500-ге жуық адам көшірілген. Қазір Құлсары мен Атырау арасында тегін жолаушы пойызы жүріп жатыр. Су басқан аймақ ауыл емес құдды шалқар көлге көп ұқсайды. Қайық пен тікұшақ осылай қалып қойған азаматтарды іздеуге шыққан.
Күн-түн ауыл сыртын айнала қоршауға қосымша әскерилермен еріктілер жұмылдырылған. Бес мыңға жуық ерікті құм қаптармен қорған жасап жанталасып жатыр.
БЕЙБАРЫС БЕКЕШОВ, ауыл белсендісі:
– Бөгетті алып қалу басты міндетіміз. Ел басына шықпаған еркек ол сатқын еркек. Сол сатқындардың арасына ілініп қалмайық жігіттер. Отан қорғау соғыс жағдайында емес, осындай алапат су. От отан қорғауға есептелмей ма өзі.
Судан келген қолайсыздық тіршілікті тұралатып тастады дейді тұрғындар. Жарықсыз, жанар-жағармайсыз, жан ұшыра жәрдем сұраған жұртқа елдің түкпір түкпірінен келген қолдау жалғыз медеу блып тұр.
ҚУАНЫШҚАЛИ АҚЖІГІТОВ, Құлсары қаласының тұрғыны:
– Бензин тапшы. Жанармай бекеттерінде. Су басып кетті заправкалардың бәрін. Сол Маңғыстау жақтан, жігіттеріне рақмет жіберіп жатыр. Свет жоқ. Движокпен алады ғой тоқты. Арал сынды қалып қойған ел бар. Соларға движоктарына керек болып жатыр.
Қазір адам бойламайтын қаптаған судың ағыны азайған. Апаттың зардабын ушықтырмас үшін қолдан келер бар күш жұмылдырылды.
Елдің әр түкпірінен келген жан-жақты көмек қауіпті жүз пайыз сейілтпесе де сасқанға сая, көңілге медеу, тарыққанға демеу болып тұр. Бұл ретте Атыраулық ағайын қол ұшын берген бар жандарға алғыстан басқа айтары жоқ.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке