Тоқтар Серіков - "Сыған серенадасы"

Описание к видео Тоқтар Серіков - "Сыған серенадасы"

Тоқтар Серіков - "Сыған серенадасы"
Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі; Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі

Аудионұсқадан видеоформатқа көшіріліп, өңделген ән; 2018ж.

Сыған серенадасы

Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар
Үміт болса
Күн туса басыңа
Мойыма, жасыма
Жігіт болсаң!

Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзінді жұмбай қамықпасын!

Қайнаған қаны бар
Қалыңдық табылар
Үміт болса
Шаттықты уыстан
Шығарма, туысқан
Жігіт болсаң!

Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзінді жұмбай қамықпасын!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке